Практикалық жұмы Санау жүйесі (2 сағ) Мақсаты



бет21/33
Дата16.05.2020
өлшемі0,59 Mb.
#68987
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Байланысты:
Практикалық жұмыс Архитектура

Бекіту сұрақтары:

  1. Жедел жады: негізігі түсініктері қандай?

  2. ROM типті жады дегеніміз не?

  3. DRAM типті жады дегеніміз не?

  4. Кэш-жады — SRAM дегеніміз не?


Практикалық жұмыс8-9. Винчестердің жұмыс принципі. Қатты диск жинақтауыштарының жұмыс принципі. Қазіргі заманғы ноутбук құрылғысы. Чипсет және платформа. Процессор. Жедел жады. Бейнежүйе. Қатты дискілер (2 сағ).

Ноутбукты таңдау - стресс жағдайын бірден туғазады. Нарықтағы модельдер саны әр алуан. Жаңадан шыққан түрлері апта сайын жаңартылып отырады. Технологиялар үздіксіз жаңартылып - бір ветринада төрт түрлі ноутбуктарды кездестіруге болады. Сатушылардың каталогтарынан түк түсінбейсін. Ерекшеліктерінің қытай тіліндегі жазылуы мен көп сатылы болуы (Sony VAIO VGN-SZ4XRN/C — бұл міндетті түрде, түсінесіз бе, «/С» міндетті болу керек, онсыз болмайды) атаулары сатып алушыны қиын жағдайға әкеп соғады.

Жетер. Енді қанша шыдауға болады? Пайдаланушылардың басындағы умаждануды енді ойламаймыз! «Mobi» көмекке келуде, бұл дәрісте біз ноутбук құрылғысының ішімен танысамыз. Портативті компьютерлердің барлық компоненттерін жеке алып қарастырамыз. Аталған барлық «Core 2 Duo Т7800», «GeForce Go 7900», «4965AGN» және «965 Express» түсініктерінің арасында өзіңізді ыңғайлы сезінетін боласыз. Тек қана уақыт берсеңіз болғаны.

Ал бастауын ертеден бастаймыз. Ноутбуктардың құрылғы санаты ретінде қалыптасуынан.

Ноутбуктың тарихы.

Ноутбуктың шыққан мезгілін тура айтып беру қиынға соғады. Мәселе анықтамаларда - ноутбук деп нені қарастырамыз? Бірінші ықшамдалған дисплеймен біріктірілген компьютерлер 1980 жылы пайда болатын. Бірақ оларды ноутбук деп айтуға болмайды.



Айтарлық, Epson НХ-20, 1981 жылы шығарылған (Сурет 1), ол акуумулятормен шығарылған болатын, соның салдарынан өз бетінше қолданыла беретін. Оның массасы не бары 1,6 кг болатын. Басқа жағынан қарағанда, СК экранның көлемі өте кішкентай болды. (120x32 нүктеге дейінгі аралықта). Сонымен қоса, дисплей жанымен орналасқан болатын. Мағлұмат тасушы негізінде микрокассеталар қолданылған болатын. Қазіргі кездегі адамның көзқарасына сүйінсек, ол электронды жазу машинасының «қу гибридіне» калькуляторға, магнитофонға немесе қарапайым кассалық құрылғыға ұқсас болатын.



Сурет 1. Ең алғашқы компактты компьютер - Epson HX- 20

Сол сияқты ерте шыққан портативті компьютер isfy gjhnfnbdn3 компьютер Osborne 1 (Сурет 2), ол да 1981 жылы жарық көрді, бірақ техникалық жағынан әлдеқайда қызықты болатын. Екі 5,25 дисководты, 13 см диогнальды ңлкен экран (бірақ, CRT), сырты екі бөліктен құрылған. Бірақ та құрастырылған аккумуляторы жоқ болатын. Ал салмағы 10,7 кг болатын. Компьютер деп санауға келмейтін сияқты, солай ма?





Сурет 2. Osborne 1, поративті ДК нарығындағы пионер

Сол кезден бастап портативті компьютерлер нарықта үзілмей шығарылып отырды, бірақ олардың қайсысын да болмасын белгілі бір жетіспеушілік көрініп тұрады.

1986 жылы және 1987 жылы шығарылған IBM PC Convertible (Сурет 3) және Toshiba Т1000, сыртқы пішінінің мөлшері аз болса да, экрандарының сипаттамалары өте қарапайым болатын.

Бірақ олар өздерінің нысандары бойынша поративті компьютерлерге ұқсаған болатын.





Сурет 3. IBM PC Convertible компьютерлері

Ең алғашқы ноутбук деп атауға болатын құрылғы NEC UltraLite (Сурет 4). Ол 1988 жылы шығарылып, шын мәнісінде көтеріліс құрылғысын атауына ие болды. Алғаш рет ДК ықшамды және жіңішке қалпында орнатылған болатын, ол қазіргі кездегі ноутбуктардың сыртқы пішіні бойынша ажыратылмайды. Бірақ оның процессоры ескілеу. Ол кездегі индустрия 80286-ға көшкен болатын, ал NEC UltraLite 8086-да негізделген болатын.





Сурет 4. Ноутбук деп санауға болатын алғашқы компьютер - NEC UltraLite



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет