Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) пәні бойынша 4-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: 1- сабақ
Бөлім:Болашақтың компьютерлері
(ортақ тақырыптары: «Болашаққа саяхат», «Ғарышқа саяхат»)
Сабақтың тақырыбы: Интернетке деректерді жіберу
Оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.2.2 файлдары қоса берілген хабарламаларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу.
Бағалау критерийі: Оқушылар интернеттен өздеріне электрондық пошта құру жолдарын үйреніп, бір-біріне хат жазып, жолдайды.
Сабақ барысы: Э лектрондық пошта — интернеттің танымал қызметтерінің бірі. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған арнайы қызметтің түрлері көп. Мысалы, @Gmail, @mail.kz, @mail.ruтегін пошта қызметтері. Оның көмегімен санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз.
Интернет-ресурстарға сілтеме:
1) https://bilimland.kz/kk/courses/informatika-kk/6-synyp/lesson/ehlektrondyq-poshtany-pajdalanu
2) https://www.youtube.com/watch?v=mzAI2lmM5XQ
1-тапсырма. Сұрақтарға жазбаша жауап жазады.
Электронды пошта дегеніміз не?
Әлемде қандай электронды пошта қызметі кең қолданыста?
Не себепті қазір Интернетсіз өмірді елестету қиын?
2-тапсырма. Mail.kz қызметтік поштасына тіркеліңіз. Тіркелген пошталық адресті, құпия сөзді ұмытпай жазып алыңыз. Тапсырманы орындағаныңды мұғалімге хабарлаңыз.
3-тапсырма. Жұмыс дәптерінен №20 жұмыс парағын орындаңыз
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы мұғалімнің электронды поштасына немесе WhatsApp мобильді қосымшасына жібереді.