Практикалық жұмыс №13. Тақырыбы: Интерактивті дидактикалық тапсырмалар жасау веб сервистері. Мақсаты



бет2/2
Дата24.11.2022
өлшемі1,57 Mb.
#159625
1   2
Байланысты:
Практикалық жұмыс 13

Learningapps.org ортасы 4 мәзірден тұрады. 1. Барлық жаттығулар – категориялар мен мысал түрлері бойынша тапсырма үлгілері; 2. Жаңа жаттығулар - тапсырма құруға арналған бос шаблондар тізімі; 3. Жинақтарды құру – жаңа жинақтар құру; 4. Менің тапсырмаларым – өзің құрған тапсырма үлгілерің қарау (2-сурет). Әр мәзірді басқанда түрлі бағыттар бойынша категориялар мен мысалдар шығады.



2-сурет. Learningapps.org терезесі

Категориялар бойынша берілген шаблондардың бірін таңдап қолдануға және өңдеуге болады (3-сурет) .








3-сурет. Категориялар бойынша берілген шаблондар мен мысалдар

Мәзір қатарынан «Жаңа жаттығулар» өрісін таңдап, «Сортировка картинок» тапсырма үлгісін ашыңдар. Ашылған терезеден Мысал 1, Мысаль 2, Мысаль 3 ... түрлерімен танысып, «Создать новое упражнение» батырмасын басыңдар (4-сурет).





4-сурет. «Сортировка картинок» тапсырмасын құру
«Сортировка картинок» тапсырма үлгісін құру үшін тапсырмаға атау беріп, қысқаша сипаттама жазу қажет. Тапсырмаға фондық суретті жүктеп, фондық суреттің белгілі бір аймақтарын анықтау қажет және белгі қою керек. Белгі қойылған аймақтың дұрыс жауабын жазып, келесі белгі қоятын аймақты енгізуге болады. Келесі аймақты көрсету үшін «Добавить следующий элемент» батырмасын басу жеткілікті (5-сурет).



5-сурет. Фондық суреттке белгі қою

Дұрыс жауапты тапқан жағдайда ынталандыру сөздерін көрсетуге және көмек көрсету кеңестерін ұсынуға болады. Соңғы қадам «Завершить и паказать в предварительном просмотре» батырмасын басып, алдын ала қарауға және тапсырма сілтемелерін көшіруге болады (6-сурет).





6-сурет. Тапсырманы үлгісін алдын-ала қарау

Қатысушы тапсырмадағы белгі аймақты шертіп, жауаптар нұсқасынан дұрысын таңдайды және нәтижесі қызыл, жасыл түспен белгіленеді. Құрылған тапсырма автоматты түрде «Менің тапсырмаларым (Моя вещь)» өрісінде сақталады (7-сурет).






7-сурет. Құрылған тапсырма үлгісін сақтау


Тапсырма 1. Learningapps.org веб-сервисінен тіркеуден өтіңдер. Мәзір қатарынан «Барлық жаттығулар» өрісін таңдап, мамандығың бойынша бойынша тапсырма үлгілерін құрыңдар.
Тапсырма 2. Құрылған тапсырманың сілтемесін қатысушыларға жіберіп, нәтижесін бақла. Қандай өзгерістер болды түсіндір.
Тапсырма 2. https://www.geogebra.org/, https://best-language.ru/, https://interneturok.ru/ сілтемелері арқылы веб-сервистерге тіркеуден өтіңдер. Веб-сервистердің қандай ерекшеліктері мен функционалдық қызметтерін түсіндіріңдер.


Бақылау сұрақтар:

  1. Learningapps.org веб-сервисінің ерекшелігі неде?

  2. Learningapps.org веб-сервисінің қолдану мақсаты қандай?

  3. Learningapps.org веб-сервисінің тиімді жақтарын айтыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет