Сабақ: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару. Күні : 17. 02. 2017



Дата24.04.2017
өлшемі0,79 Mb.
түріСабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі А.Қараман



Сабақ: Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау . Құжатты баспадан шығару.

Күні : 17.02.2017




Сынып: 6







Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Бет өлшемдерін баптау, алдын-ала қарау параметрін пайдала отырып, құжатты баспаға басып шығаруға дайындаудағы процессордың мүмкіндіктерін таныстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Тақырыпты оқып, өз бетінше баяндай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Бет өлшемдерін баптау мүмкіндігін, алдын ала қарау және басып шығару өлшемдерінің мүмкіндіктерін біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Бет өлшемдерін баптау , алдын ала қарау және басып шығаруды практикада қолдана алады

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Абзац, интервал

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

Мәтіндік құжаттағы емле қателерін тексеру

Құжаттағы басып шығару өлшемдерін баптау

Басып шығару


Сіз неліктен .....екенін айта аласыз ба?

Көпбағанды мәтінді қандай жағдайда қолданған ыңғайлы?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

«Менің елім тақырыбы»  туралы шағын эссе жазу

Алдыңғы оқу

Құжатты жиектеп ,өлшемдерін баптауды біледі

Жоспар




Жоспарланған уақыт


Жоспарланған жаттығулар


Бағалау

Ресурстар


Басы

10 минут

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

«Шаттық шеңбер» әдісі арқылы оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.



Қол шапалақтау





«Шеңбердегі диалог» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде дайындалған сұрақтарына жауап алады



Смайликтер арқылы бағалау

смайликтер

Топқа бөлу

1,2,3,4 сандар реттілігі бойынша топқа бөлінеді. 1-топ,2-топ






Реттік сандар

Қызығушылықты ояту

Бірлескен оқылым

5 минут

«Миға шабуыл» стратегиясы

бойынша бағандар, беттің параметрлері, жиектер, баспаға шығару жолдары туралы өз пікірлерін ортаға салады




Мадақтау




Орта

Мағынаны тану

12 минут

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым

-Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс

«Айналмалы бекет» әдісі бойынша топтар

Беттің параметрлері тақырыбын оқып, талдайды. Мағынасын түсінеді, бір – біріне түсіндіреді



Өзара бағалау



Интерактивті тақта

оқулық




2мин

Сергіту сәті

Күн сәулесін төгеді әдісі арқылы оқушылар ойынның шарты бойынша қимыл қозғалыс жасайды



«Екі жұлдыз бір тілек»




Ой толғаныс

5 минут

Жұптық жұмыс

«Іздеген жетер мұратқа»

Семантикалық карта



Жұлдызша арқылы бағалау

Жұлдызша

4 минут

Бағалау:

«Нақты сұрақ- дәл жауап» әдісімен

  1. қандай қызмет атқарады?

  2. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?

  3. қандай қызмет атқарады?

  4. қандай қызмет атқарады?

Жестпен бағалау

Сұрақтар

Соңы

5 минут

«Менің елім» туралы шағын эссе жазу

Өзара бағалау

Эссе жұмыстары


2 минут


Үйге тапсырма беремін.

  1. Бағандар, беттің параметрлері тақырыбын оқып, мазмұнын толық баяндау

  2. Бет параметрлерімен жұмыс жасай білу









Қосымша ақпарат








Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз ? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс,Құндылықтардағы байланыс

-Әр түрлі ойын тапсырмалары арқылы оқушыны қызықтырамын

-Берген жауаптарын мейлінше қолдаймын,ұсыныс беремін

-«Кір қыстырғыш»ойыны арқылы сұрақтарды күрделендіріп отырамын

1Жестпен бағалау

2Мадақтау

3Смаиликтер арқылы бағалау

4 Жұлдызша арқылы бағалау



Математика , бейнелеу, ағылшын


Рефлексия

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Кері байланыс (ауызша оқушы ойын білемін)

-Саған не ұнады?

-Қиындық келтірген тұстары?

-Не білгің келеді?




Оқушылар берілген тапсырманы тиянақты,мұқият орындады.

Жұптық жұмыс кезінде, жұбымен ойласа отырып,тапсырманы бірлесе орындауға талпынды.

Сабақ барысында берілген тапсырмаларды орындауға эдіс-тэсілдерді дұрыс пайдалана алмадым.

Бір-бірін түсінбей, басқа топтың жұмыс жасауына кедергілер келтірді.

Оқушылардың тапсырмаларды берілген уақыт ішінде орындай алмай жатқандығы байқалды.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.Ауа температурасын термометрмен өлшеуді жақсы меңгеріп шықты

2.Ауа температурасының тәуліктік амплитудасын есептеуді жақсы білді

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.»Шеңбердегі диалог» әдісі

2.»Айналмалы бекет» әдісі

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?Келесі сабақта оқушылардың қызығушылығын оятатын әдіс-тәсілдерді көбірек қолданамын.»Миға шабуыл» стратегиясы, «Шаттық шеңбері» әдісі.




Мұғалім портфолиясы. Сарсембаева Жаңагүл география пән мұғалімі «Тәжірибедегі рефлексия» курсының «Тиімді оқыту»бағдарламасын меңгергендігі туралы рефлексивті есебі. Мектепте көп жылдан бері география пәнін оқытып келемін.»Кез келген мемлекет кемеліне келіп,өркендеу үшін азаттық пен білім керек» деп ұлы ғұлама ғалым Ш.Уэлиханов айтқандай, география пәні мұғалімі болғандықтан оқушыларға қажетті білім мен білікті жеткізе білсем,уақытымды тиімді пайдалансам жеткілікті болады деп ойлайтынмын.Осы ойларым әріптесім тренер А.Қ.-ның «Тиімді оқыту бағдарламасы» сабағына қатысқаннан бері оқушыға білім беруде көзқарасым түбегейлі өзгерді.Қысқа мерзімді жоспарды жоспарлауда сабақтың тақырыбына байланысты мақсатын айқындап алып ,оқуда қолданылатын әдіс- тәсілдерді пайдаланып,оқып-үйренудің нәтижесінде қандай жетістікке жету керектігін ескеру қажет «Тиімді оқыту» бағдарламасының негізгі мақсаты:Оқытудан күтілетін нәтиже оқушыда дағды қалыптастыру керек.Оқушыларды оқу үдерісіне тарта білу керек.Ақпараттық құралдарды тиімді пайдалана отырып , оқушыға уйрету керек,сыни ойын жеткізу арқылы,оқушыларды жүйелі бағалап,рефлексия кері байланыс жасап отыруға дағды қалыптастыру керек,


.Қысқа мерзімді жоспарлауда әрбір сабақтың білу,түсіну,үйрену мақсатында жүзеге асуы ескерілді.Оқыту мен оқу нәтижелерін көру үшін бағдарлама барысында үйренген әдіс- тәсілдерді (Блум таксономиясы,Ыстық орындық,Шолиер табақшасы,Бес жолды өлең,Ойлан тап,Джиксо/ қолдануды жоспарға енгіздім Алынған әрбір тақырып бойынша топтық,жұптық,жеке жұмыстарда оқушының өзін-өзі реттеуімен,әр жұмысты қадамдар сайын формативті бағалаудың стратегиялары қысқа мерзімдіжоспарлауға кіріктірілді.Бағалау кезінде жеке,жұптық,топтық жұмыстарда «Мадақтау сэндвичі»,»Бағдаршам»,»Екі жұлдыз,бір тілек»,»Дайын үлгі бойынша жауап» оқытудың жаңаша формалары арқылы өзін-өзі бағалауды,жұптарда өзара бағалаудың маңыздылығы ескеріле енгізілді.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық текнологиялардың дамуы білімді бағалау мен пайдалану жүйесін де уақытылыв өзгертіп отыруды талап етеді.АКТ-ны пайдалану барысында жоспарға бейнежазба,электронды оқулық,интербелсенді тақтамен жұмыс түрлерін енгіздім.Оқу нәтижелері оқушыға бағытталса,оқушының оқу үлгеріміне сэйкес болса сабаққа қойған мақсаттарға қол жеткізуге болады. Сындарлы оқыту теориясының тиімді әдістерін қолданып,оқушылармен үнемі кері байланыс орнатылса,әрбір сабақ нэтижелі болары сөзсіз.ХХI ғасыр -ақпараттық технология ғасыры.Қоғамды ізгілендіру, оның білім мен мэдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық коммуникацияның маңызды рөл атқа р атыны айқындалады.Оқытуда жаңа жэне үнемі даму,жетілдіру үстіндегі компьютерлік технологияларды қолдану оқыту әдістемесінің формалары менәдістерін өзгертті.Ақпараттық коммуникация практика жүзінде қоғамдағы барлық мамандық салаларына байланысты пәндерді оқытуға атсалысты.География ғылымы өте қызықты да күрделі.Осы пәнге қызықтыру арқылы оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып,сапалы білім беру мұгалімнен үлкен шеберлікті оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын,жаңа педагогикалық технологияларды эр сабағымда тиімді қолдануды талап етедіМектебімізде география пэні бойынша 6-10 сыныптарға арналған электронды оқулықтар бар.Бұл оқулықтар білім стандартымен оқу бағдарламасының талаптарына сай жасалған.Қосымша тапсырмаларды,сарамандық жұмыстарды және тест тапсырмалары арқылы электронды оқулық өз қолымыздағы оқу құралдарын толықтырды. Оқушылар қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана толық талдау жасай отырып қызыға жауап береді.Сыныпта диалог өрбіту арқылы сыни тұрғыдан ойлана алуға қалыптасты.Сонымен қатар оқытудағы қиындықтарды және түсінбестіктерді сыныппен,топпен бірлесе отырып анықтап,шешіп отыруға мүмкіншілік алдым . Тәжірибемде өткізген әдіс-тәсілдерімді әлі де түрлендіріп қолдану менің мақсатымның бірі.Бірінші сабақта сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу мақсатында «Шаттық шеңберінде» оқушылар көңіл күйлерін өлеңді айта отырып,ішкі сезімдерін іс-қимылдары арқылы білдірді.Тұлғааралық байланысты орнату мақсатында»Ал,балалар көңіл күйлерің қалай ?» деген сауал қоя отырып,бармақпен формативті бағалауды жүзеге асырдым.Ынтымақтастық оқу- оқытумен оқуға білім беру тәсілі,бұл проблемаларды шешу,тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білді.

Сонымен бірге сыныптағы білім деңгейі төмен балалар жұмыс кезінде жақсы оқитын оқушымен пікірлесу арқылы өзіне деген сенімділігі артып оның айтқан идеясы қолдау көрсе,оның бойында мақтаныш сезімі туатынын байқадым.Оқушылардың жаңаша оқу идеясына төселіп келе жатқанына қуандым,бір жағынан бұрынғы сабақтардағы оқушылардың іс-әрекеттерін еске түсіру арқылы,осы бағдарлама біздің елімізде ерте қолдау тапқан жағдайда, біздің еліміздің білім беру жүйесі қазіргі таңда жоғары дәрежеде болар еді деген ой келдіЖұптық жұмыста оқушылардың сыни ойлау дағдысын қалыптастыру немесе дамыту мақсатында»Жалғасын тап»(Достық туралы мақал-мәтелдер беріп , жалғастырып жазу) шығармашылық тапсырмасы берілді.Бұл тапсырмада оқушы мен оқушы арасындағы диалог өрбіп, жұптар арасында орындаладыЖұптық жұмыста В деңгейлі Ж. Есімді оқушының қасындағы Д. Есімді оқушымен ойласпай, өзі жазып жатты.Ал Д.Н. есімді жұптың арасында өзара келісіп,ойласа отырып жұмыс жасап жатқандығы байқалды.С деңгейлі оқушымен А. Есімді оқушылардың арасында келіспеушілік қасын.дағы басқа жұптарға да әсер еттіТопты тыныштыққа шақыра отырып,ойласып жұмыс жасауға ықпал жасадым.3-топтағы Ж. Мен Н. Есімді жұп «Апай біз болдық»-деп жұмыстарын уақытысынан тез бітіргендігі туралы айтып жатты.Тапсырманы орындап болған соң,сағат тілімен жұптар жұмыстарын дайын үлгі жауап бойынша тексеріп,»Бағдаршам» арқылы формативті бағалау жүзеге асырылды.Мұндағы нәтиже 11 жұптың ішінде мақал-мәтелдің алтауына толық жауап бергені- 7 жұп,төртеуіне жауап бергені-4 жұп болды Бұл жақсы нәтиже болды Бірақ менің ойланатыным: білетін оқушылардың тасасында, білмейтін оқушылар қалып қоймады ма? Әлде тапсырма оңай болды?Осы мақсатта қаншалықты оқушылардың деңгейін білу үшін жеке жұмысқа Блум таксономиясы бойынша сұрақтарға жауап алуды жөн көрдім Жалпы,Блум таксономиясы оқушылардың ойлау деңгейін анықтау мақсатында алынды Бұл жұмыста оқушылардың топтық, жұптық жұмыстарға қарағанда жеке өзі қандай деңгейде сабақты түсінгенін байқауға болады.Сонымен топтар бір- бірінің жұмыстарын «Екі жұлдыз,бір ұсыныспен» формативті бағалау жүзеге асырылды.Оқушылардың ары қарай жұмыс жасауына ынталандыру, жігерлендіру мақсатында осы бағалау түрін қолдандым.Орта мерзімді жоспарлау-Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына ұсынылған құрылымды жоспар.Жоспарлаудың басты мақсаты:әр кезеңдердегі берілген жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы,бір сабақ аясында жеті модульдің ықпалдасуы,оқыту мен оқу мақсаттарын белгілеп,нәтижеге қол жеткізу.Сыныптың өз бетімен ізденуіне,өз жұмыстарының мақсат, міндеттерін анықтауына,іс- әрекеттерін қадағалауына,өзін-өзі бағалай білуге уйретеді..



Ынтымақтастық оқудың алғы шарты топ мүшелерінің ынтымақтастығы.Себебі,ынтымақтастық атмосферасы орнаған жағдайда оқушылардың оқуы,атқарылатын жұмыс түрлерінің нәтижелері сапалы болмақ.»Шеңбердегі диалог»әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде дайындалған сұрақтарына жауап алады 6 сыныпта өткізген сабағымның тақырыбы «Ауа температурасының жылдық өзгерісі және ауытқу амплитудасы» бұл тақырыпты өтудегі мақсатым оқушыларда толық білім қалыптастыру.1,2,3,4 сандар реттілігі бойыншаоқушылар топқа бөлінеді.Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін»Миға шабуыл» стратегиясы бойынша»Ауа тепературасының жылдық өзгерісі және ауытқу амплитудасы» туралы өз пікірлерін ортаға салады,оны мадақтау арқылы бағаладым.»Айналмалы бекет»әдісі бойынша топтар,»Ауа температурасы» тақырыбын оқып,талдайды,мағынасын түсінеді,бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар бірін-бірі өзара бағалайдыСөздік жұмыс жасайды,амплитуда-(латынша) кеңдік,жайылушылық деген мағынаны білдіреді,алТермометр-ауаның температурасын өлшейтін құрал екендігін тусінеді.Оқушылар сергіту сәтінде «Күн сәулесін төгеді» әдісі арқылы,ойынның шарты бойынша ,қимыл қозғалыс жасайды.Бұны «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаладым.Жұптық жұмыс «Іздеген жетер мұратқа»әдісі бойынша оқушылар ,бір-біріне тақырыпты түсіндіру арқылы іздеген сұрақтарына жауап алады,Жұлдызша арқылы бағалакдыСемантикалық карта үлгісі бойынша,жылдық орташа температура,жылдық амплитуданы есептеп шығаруды үйренді.Оқушыларды бағалау кезінде»Нақты сұрақ-дәл жауап»әдісімен мына сұрақтарға,Ауаның тікелей тускен күн сәулесінен қызбайтыны неліктен? 2.Биіктеген сайын температураның төмендей беру себебі неде?3.Температураның тәуліктік амплитудасы деген не?4.Көп жылдық орташа температура деген не? Деген сұрақтарға жауап ала отырып,жестпен бағаладым.»Ауа температурасы» туралы шағын эссе жаздыру арқылы,оқушылар бір-бірін өзара бағалады Оқушылардың топтық тапсырмалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне,дарындылықтарына сай негізделіп,құрастырылды.Сабақ соңындаөздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергендігі туралы»Табыс ағашына» оралып,кері байланыс жүргізеді.Сабакқтың соңында оқушылардан рефлексия алынды.Оқушылар»рефлексия»дегенді бірінші рет жазып отырғандықтан,»топ болып жұмыс жасаған,хатшы болған,топты ұйымдастырып отыратын көшбасшы болу ұнады»,»баяндамашы,бақылаушы,уақыт аз болып қалғандықтан жұмысымызды аяқтай алмағанымыз қиын болды»,»Апай осындай сабақтар жиі болып тұрса,келесі жолы да осындай қылып өткізсек»деген тілек ұсыныстар жазыпты.Осы мақсатта қаншалықты оқушылардың деңгейін білу үшін жеке жұмысқа Блум таксономиясы бойынша сұрақтарға жауап алуды жөн көрдім.Жалпы,Блум таксономиясы оқушылардың оқу деңгейін анықтау мақсатында алынды.Бұл жұмыста оқушылардың топтық, жұптық жұмыстарға қарағанда жеке өзі қандай деңгейде сабақты түсінгенін байқауға болады.Қорыта келе, оқу нәтижелері оқушыға бағытталса, оқушының оқу үлгеріміне сәйкес болса, сабаққа қойған мақсаттарға қол жеткізуге болады. Сындарлы оқыту теориясының тиімді әдістерін қолданып, оқушылармен үнемі кері байланыс орнатылса,.әрбір сабақ нәтижелі болары сөзсіз.

2012 жылы «Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан ОйлаудыДамыту» жобасы бойынша Қазақстан Оқу Ассоциациясы ұйымдастырған семинарға қатысқаны үшін Қатысушыц Куәлігін алды.»12Жылдық білім берудегі география пәнін оқытудың өзекті мәселелері» куәлігін алды.2013 жылы оқушым Әбілбай Әйгерім география пәні бойынша республикалық қашықтық олимпиадасына қатысқаны үшін Сертификат алды.2014 жылы 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілгенАудандық олимпиадада география пәнінен 8 сыныптағы оқушым Аманғали ұлы Ыбырай жүлде,лі 3 -ші орын алғаны и үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды.2013 жылы 11 сынып оқушылары арасында өткізілген Облыстық пәндік олимпиадасында география пәні бойынша 3-ші орынды оқушым иеленсе ҰБТ-ға дайындық курстарында үзд»к нәтиже көрсеғткені үшін мадақталды.2015 жылы»Тұрғындардың сауаттылығын көтеру мақсатында қысқа мерзімді компьютерлік оқу-семинарын аяқтағаны үшін «Сертификат « алды.2016 жылы оқушым Қанатқызы Рауан «Новый урок"
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу