Практикалық жұмыс №3 ms-dos операциялық жүйесі. Дисктермен, каталогтармен жұмыс жасайтын командалар



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі27,82 Kb.
#117604
  1   2
Байланысты:
Практикалық жұмыс 3 (1)


Практикалық жұмыс № 3
MS-DOS операциялық жүйесі. Дисктермен, каталогтармен жұмыс жасайтын командалар.
Жұмыстың мақсаты: MS-DOS жүйесінде дисктермен, каталогтармен жұмыс жасап үйрену.
Дисктер латын алфавитінің бас әріптерімен аталады. Д (A:, B:, C:, D: және т.б.)


Басқа дискке өту
DOS шақыруында басқа дискке өту үшін дисктің атын: теріп , {Enter}- ді басу.
Командалық жолда DOS: С:\>А: теріңіз
Осымен сіз А: дискін іске қостыңыз.


Дискті форматтау
Форматтауды 3,5 дюймдік (1,44 Мб) дискета мысалында қарастырайық. Дискетаны форматтамас бұрын дискетаны жазудан қорғайтын терезенің жабық екенін тексеріп алыңыз. кету в дисковод А:.
MS-DOS: Format a: командасын енгізіңіз
Ары қарай дискетаны орнату мен {Enter}: басу сұранысы келеді
Insert new diskette for drive A:
And press ENTER when read…
Келесі хабарламалар репортажды болып келеді де, пайдаланушының реакциясын қажет етпейді ( форматты тексеру мен форматтау барысы туралы ақпарат).
Checking existing disk format.
Saving UNFORMAT information
Verifying 1.44M
XX percent completed.
Format completed.
Аяқталғаннан кейін томның белгісі туралы сұраныс шығарылады (әдетте қолданушылар {Enter} пернесін басады).
Volume label (11 characters, ENTER for none)?
Нәтижесінде форматтау қорытындысының есебі және «Басқа дискетаны форматтау керек пе?» сұрағы шығады. Аяқтау үшін N(Жоқ) белгісін еңгізіңіз.
Егер дискте ақаулар болса, дисктің жалпы көлемі (есептің алғашқы жолы) қол жеткізілімді жадының көлемімен сәйкес келмейді. Мұндай дискетаны пайдаланбаған дұрыс.
Егер форматтау кезінде FORMAT A:/S командасын еңгізсе, MS-DOS дискетаны форматтап қана қоймай оған өзінің жүйелік файлдары мен COMMAND.COM командалық процессорына көшіреді.Бұл дескетаны ДК алғашқы жүктеуінде пайдалануға болады.
Берілген дискке жүйелік файлдар мен MS-DOS командаларының интерпретаторын SYS командасын пайдалану арқылы көшіруге болады. Дискетаны алдын-ала жүйелік файлдар үшін орын қалтыра отырып форматтау керек. (/B кілт).


Каталогтармен жұмыс
Файлдардың аттары каталогтағы магниттік дискте тіркеледі. Каталог -дисктегі арнайы орын, мұнда файылдардың аттары, файылдар өлшемі, олардың соңғы рет жаңартуларының уақыты туралы мәліметтер, файл атрибуттары т.б. сақталады.
Магниттік дискте бір негізгі немесе түбірлі каталог бар. Онда файлдар мен каталогтар тіркеледі.
Каталогтармен жұмыс істеу командалар:
MKDIR немесе MD каталогты құру командасы
DIR- каталог тақырыбын көру командасы.
СHDIR немесе CD каталогты іске қосу командасы.
СD.. – аналық каталогқа көшу.
СD\ - түбірлі каталогқа көшу.
RKDIR немесе RD – каталогты жою командасы.

Өзіндік тапсырма:



  1. А: дискте каталогтар ағашын құру.

А:\ ORF1 ORF2
RDF RDF2
TUR
DON

  1. Астыңғы DON каталогында кез-келген мәтіні бар baiyt.txt атты файл құрыңыз.

  2. А: дискте baiyt.txt атты мәтіндік файлды ORF2 каталогына көшіріңіз.

  3. Көшірменің атын orfog.txt деп өзгертіңіз

  4. baiyt.txt. файлын жойыңыз



Дисктер үшін томның белгілерін құру, өзгерту және жою
LABEL [диск:][белгі)
Каталогтар, ішкі каталогтар мен ондағы файлдарды жою DELTREE
Ескерту. DELTREE бағдарламасын сақтықпен пайдалану керек, өйткені берілген каталогтың ішіне кіретін барлық файлдар мен каталогтар өшіріледі.


Файлдардың орнын ауыстыру және файлдар мен каталогтардың аттарын өзгерту.
MOVE- бұл команда бойынша анықтамамен танысқаннан кейін

  1. DON каталогын DON1 деп өзгертіңіз.

  2. оrfog.txt файлын түбірлі каталогқа көшіріңіз.

PATH [[диск:]жол[;...]]
PATH ;
PATH енгізу; ағымдағы каталогпен шектей отырып, іздеу жолын тазалауға мүмкіндік береді.
PATH параметрлерсіз еңгіз; ағымдығы іздеу жолын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет