Практикалық жұмыс №3 ms-dos операциялық жүйесі. Дисктермен, каталогтармен жұмыс жасайтын командалар


Жалпы жүйелік DOS бағдарламалары мен командаларының тағайындалуы



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі27,82 Kb.
#117604
1   2
Байланысты:
Практикалық жұмыс 3 (1)

Жалпы жүйелік DOS бағдарламалары мен командаларының тағайындалуы




VER командасының көмегімен операциялық жүйе нұсқасын тексеру.
MS-DOS командалық жолында VER командасын теріңіз және {Enter} пернесін басыңыз. Экранға келесідей хабарлама шығады.
MS-DOS Version 6.00 немесе
WINDOWS 98 [Версия 4.10.98]


Ағымдағы мерзімді орнату және шығару.
DATE [мерзім] DATE парамаетрлерсіз еңгізгенде мерзімнің ағымдағы мәнін алуға және мерзімнің жаңа мәнін енгізуге сұраныс жіберуге мүмкіндік береді.
ENTER пернесін басу мерзім мәнін өзгеріссіз қалдырады.
TIME [уақыт] Жүйелік уақытты орнату және шығару.
TIME –ді параметрлерсіз енгізу уақыттың ағымдағы мәнін алуға және уақыттың жаңа мәнін енгізуге сұраныс жіберуге мүмкіндік береді. ENTER пернесін басу уақыт мәнін өзгеріссіз қалтырады.


DOS командалық жолындағы шақыруды өзгерту.
PROMPT [мәтін] Мәтін командалық жолдың жаңа шақыруы.
Шақыруға қарапайым белгілер мен кодтар жатуы мүмкін. Анықтаманы қолданып, өзбетімен үйреніңіз.
PROMPT-ты параметрсіз енгізу шақырудың бастапқы түрін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
CLS командасының көмегімен экранды тазартуға болады.
CLS командасын енгізіп {Enter} пернесін басыңыз. Экран тазаланады, ал MS-DOS шақыруы жоғары жаққа экранның алғашқы жалына келеді.

Бақылау жаттығулары.

  1. Дискетаны форматтау керек.

  2. Жүйелік дискетаны құру керек.

  3. Дискетаға белгі беру керек.

  4. Өз тобыңыздың атымен директория құру керек.

  5. Құрылған директорияда келесідей ақпараттар бар: жұмысты орындау мерзімі, топ аты, студенттің аты-жөні; Upr_1 атты файлды құру керек.

  6. Ертеңгі күн мен Астаналық уақытты орнату керек.

  7. DOS-та келесідей шақыру түрін орнату керек: a:\Ахметов> (мерзім, уақыт және өзінің аты-жөні )

  8. Берілген операциялық жүйе нұсқасы туралы мәліметтерді шығару керек.

  9. Жүйелік мерзім мен уақытты шығару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет