Практикалық жұмыс №3 Теориялық мәліметтер Металдар мен қорытпалардың кристалдануы



Дата23.02.2022
өлшемі14,42 Kb.
#133008
Байланысты:
Практикалық жұмыс 3 (1)
9 сынып аудандық олимпиада

Практикалық жұмыс №3


Теориялық мәліметтер


Металдар мен қорытпалардың кристалдануы.Д.К. Чернов тұңғыш рет болаттың кристалдануын зертеуді бастады. Зерттеуінде ол бұл процесті тұздардың кристалдануы тәрізді болатынын, кристалдану орталықтарының пайда болатынын және осы орталықтардан кристалдар өсетінін атап көрсетті. Оның болаттың кристалдануы және қайта кристалдануы туралы жұмыстары бұл бағыттағы басқа зерттеулерге негіз болды. Одан әрі қарай кристалдану процессін зерттеумен Г. Тамман айналысты. Ол кристалдану орталықтарының санының сызықты тәуелділігі және салқындау дәрежесінен кристалдану жылдамдылығының тәуелділігі деген түсініктерді енгізді. Совет ғалымдары Б. О. Гаген-Торн, В. И. Данилов және т.б. еңбектерінде кристалдың пайда болуына туындылардың өзі түзілуі емес, ұсақ ерімейтін қоспалардың болуы әсер ететіндігі анықталды.
Метал бір кристал түрінде қатаймайды, ол көптеген кристалдардан тұрады. Өте жиі жеке кристалдардың осьтері әр түрлі бағытта болатындықтан, металдың осы барлық бөлігіндегі қасиеті барлық бағыттары бойынша бірдей болады. Әрине, егер бұл металдың өте кішкентай аймақтарын қарастыратын болсақ, онда анизотропияны оңай байқауға болады. Осындай ұсақ әр түрлі бағытталған кристалдары бар көп кристалды денелер квазиизотропты (мнимоизотропты) деп аталады. Сұйық күйден қатты күйге өту, кейбір кезде металдарды одан әрі салқындату кезінде жылудың бөлінуімен бірге жүретін кейбір айналуларға және құрылым мен қасиеттердің өзгеруіне түседі. Қыздыру кезіндегі түрлену дәл осылай өтеді, бірақ бұл жағдайда олар жылудың жұтылуымен бірге жүреді.

Соныдқтан металдарды (немесе қортыпаларды) қыздыру немесе салқындату кезінде физикалық қасиеттердің (қаттылықтың, электр өткізгіштіктің, кеңеюдің және т.с.с.) өзгерулерді бақылай отырып, қандай да бір түрленулер өтетін температураларды анықтауға болады. Бұл температураларды анықтау үшін өте жиі барлық түрленулер жылу әсермен қатар жүреді деген тұжырым негізіндегі термиялық әдісті қолданады. Жылулық әсерді оңай алмастыруға болады, себебі ол температураның өзгеру сипатында байқалады.


Металды салқындату немесе қыздыру жылдамдығының секірмелі өзгерісі өтетін температура оның критикалық нүктесі деп аталады. Жалпы жағдайларда металдардың (немесе қорытпалардың) критикалық нүктелері деп – физикалық немесе химиялық түрленулер өтетін температура аталады. Жоғарыда айтылғанды түсіндіру үшін таза металдың қатаюын бақылайық.


Сұйық металдың балқу нүктесіне дейінгі салқындауы онда сол уақытта кристалдану басталатынын білдірмейді. Барлық металдар қатты салқындай алады (атап айтсақ, кристалданудың басталу температурасы балқу температурасынан біршема төмен болады), бірақ кейбір металдарда бұл қатты салқындау байқалмайды, ал басқаларында ол біршама мөлшерде болады. Қатты салқындалған сұйық металл тұрақсыз және қатты салқындау жоғары болған сайын бұл тұрақсыздық жоғары болады.


Тапсырма: Кристалдардың формасы және құймалардың құрылысы. Қорытпалардың теориясының жалпы ережелері. (слайд және талдау жасау, құрлысын анықтау).

Бақылау сұрақтары:
1. Металдар мен қорытпаларда қандай кристалдық торлар болады?
2. Кристалдық тор дегеніміз не?
3. Координациялық сан дегеніміз не?
4. Кристалдану деп нені айтамыз?
5. Дендрит дегенді қалай түсінесіз?
6. Кристалдардың өсу жылдамдығы және кристалдардың түйірлерінің өсу жылдамдығы неге тәуелді болады?
7. Критикалық нүкте деп нені атаймыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет