Практикалық жұмыс Мақсаты: Негiзгi кестелердi құру



бет3/7
Дата12.12.2023
өлшемі34,59 Kb.
#196583
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Access практикалық тапсырмалар ИЕТ-9-20 тобы

Отырар кiтапханасы : мәлiметтер базасы терезесiнде Сұраныс (Запросы) панелiн ашыңыз. Конструктор режiмiнде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгiсiн екi рет шертiңiз, сонда үлгi бойынша сұраныс бланкiсi ашылады.

  • Кесте қосу терезесiнде Оқулықтар кестесiн таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертiңiз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесiн жабыңыз.

  • Оқулықтар кестесiнiң өрiстер тiзiмiнен қорытынды кестеге енгiзiлетiн Кiтаптың аты, Кiтаптың авторы, Көлемi, Бағасы өрiстерiн таңдаңыздар. Таңдауды өрiс атауларын екi рет шерту арқылы жүргiзiңiз.

  • Көлем өрiсi үшiн сұрыптау шартын берiңiз.Сол өрiстiң Сұрыптау шарты

    (Условие отбора) жолына мына шартты енгiзiңiз: <500. Сонда кестеден көлемi 500-ден аспайтын кiтаптар iрiктелiп алынады.

    1. Бағасы өрiсiне сұрыптау шартын берiңiз. Сәйкес жолға <150 өрнегiн енгiзiңiз. Ендi кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана iрiктелiп алынады.

    2. Үлгi бойынша сұраныс бланкiсiн жабыңыз. Сұранысты жабу кезiнде оған Кiтаптарды таңдау деген ат берiңiз.

    3. Отырар кiтапханасы: мәлiметтер базасы терезесiнде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестенi қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №8.2. зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесiне енгiзiлген жазбаларға тәуелдi. Егер ешбiр басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бiрде-бiр мәлiметтер болмаса, онда негiзгi кестелерде оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкiндiк беретiн мәлiметтермен толтырыңыздар.

    4. Зерттеу аяқталған соң ашық объектiлердiң барлығын жауып, Microsft Access программасын жабыңыз.

    Лабораториялық жұмыс
    Мақсаты: Параметрлi сұраныс құру.

    Сұрыптау шарты қалай жұмыс iстейтiнiн бiз жоғарыда қарастырдық, бiрақ оның өзiндiк кемшiлiктерi бар. Мәлiметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс iстейдi. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кiтаптарды iрiктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кiтаптарды iрiктей алмайды, өйткенi сұраныс жоқ.


    Парметрлi сұраныс қолданушыға мәлiметтердi сұрыптаудың критериiн өзi енгiзуге мүмкiншiлiк туғызады.
    Кiтаптарды iрiктегенде сұранысты iске қосқаннан кейiн ақырғы бағаны қолданушының өзi енгiзетiндей сұраныс даярлайық.

    1. Microsoft Access программасын iске қосыңыз.

    2. Microsoft Access терезесiнде Мәлiметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кiтапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертiңiз.



    3. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет