Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, кітаптың авторы, көлемі, бағасы өрістерін таңдаңыз. Таңдауды өріс атауларын 2 рет шерту арқылы жүргізіңіз.
Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Условие отбора жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500-ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.
Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.
Үлгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.
Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде-бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыз.
Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, программаны жабыңыз.