Бақылау сұрақтары:
Кестені құру.
Кестеаралық байланысты құру.
Сұранысты конструктордың көмегімен даярлау.
Сұрыптау шартын пайдалану.
Есептеулері бар сұраныс.
Параметрлі сұраныс.
Қорытынды сұраныс.
Әдебиеттер:
1. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.
2. А.Левин. “Самоучитель работы на компьютере” Москва, 1997.
3. Г.Евсеев, С.Симонович “WINDOWS 98 полный справочник в вопросах и
ответах”. Москва 2001.
4. Дж. Куртер. А.Маркви. “MICROSOFT OFFICE 2000”. Санкт-Петербург, 2000
№9 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: Сұраныстармен, қалыптармен жұмыс істеу.
Жұмыстың мақсаты: Сұраныстармен , қалыптармен жұмыс істеуді үйрену.
Тапсырма:
Параметрлі сұраныс құру.
Сұрыптау шарты қалай жұмыс істейтінін біз жоғарыда қарастырдық, бірақ оның өзіндік кемшіліктері бар. Мәліметтер базасын қолданушы жобалаушы дайындаған сұраныстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер жобалаушы бағасы 150 теңгеден арзан кітаптарды іріктеп алатын сұраныс даярласа, онда қолданушы бағасы 100 теңгеден арзан кітаптарды іріктей алмайды, өйткені ондай сұраныс жоқ.
Параметрлі сұраныс қолданушыға мәліметтрді сұрыптаудың критериін өзі енгізуге мүмкіншілік туғызады.
Кітаптарды іріктегендее сұранысты іске қрсқаннан кейін ақырғы бағаны қолданушының өзі енгізетіндей сұраныс даярлайық.
Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткепн сабақта құрылған Аралық кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс(Запрос) панелін ашыңыз. Конструктр режимінде сұранысты құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертіңіз, сонда үлгі бойынша сұраныс бланкісі ашылады.
№ 14 лабораториялық жұмыстың 3 тапсырмасы бойынша Оқулықтар кестесіне негізделінген, келесі өрістерден тұратын таңдамаға сұраныс даярлаңыз.
кітаптың аты мәтіндік
кітаптың авторы мәтіндік
бағасы қаржылық
баспасы мәтіндік
Сұранысты іске қосқанда қолданушы қажетті мәнді енгізетін хабар ала алатындай етіп Бағасы өрісінің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолын толтыру қажет.
Қолданушының назарына арналған мәтін тік жақшаға алыну қажет. Егер біз бағалары 400-ден қымбат кітаптарды іріктеп алғымыз келсе >400 деп жазар едік. Егер бағасы 100 теңгеден арзан кітаптар қажет болса, онда <100 деп енгізер едік. Бірақ біз бағаны таңдау мүмкіндігін қолданушының өзіне берсек, онда <[Ең жоғарғы бағаны енгізіңіз] деп жазуымыз керек.
Сұраныс (Запросы) терезесін жабыңыз. Жабу кезінде оны Оқулықтарды таңдау деген атпен сақтап қойыңыз.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (Запросы) панелін ашыңыз және кітаптарды таңдау сұранысын іске қосыңыз. Сонда экранда Параметрдің мәнін енгіз (Введите значение параметра) деген жазу бар терезе ашылады.
Өзіңіз қалған мәнді енгізіп, ОК батырмасын басыңыз. Оқулықтар кестесіндегі енгізілген мәндерге байланысты сұраныстың нәтижесі- қортынды кесте алынады.
Мәліметтер базасының барлық объектілерін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.
100>
Достарыңызбен бөлісу: |