Алғашқы қалыпты даярлау. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.
Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Аралық кітапханасы базасын таңдаңыз, Ок батырмасын шерт.
Аралық кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Оқырмандар кестесін ашыңыз.
Access-тің негізгі терезесіне қайта оралыңыз. Кестелер тізімінен Оқырмандар кестесін ерекшелеңіз де, аспаптар панеліндегі Жаңа объект (Новый объект) батырмасын басыңыз. Тізімнен Автоқалып (Автоформы) объектісін таңдап алыңыз. Нәтижесінде автоматты түрде құрылған және енгізу үшін ашулы тұрған қалып аламыз.
Қалыпты конструктор режимінде ашыңыз. Бағасы басқару элементтерін ерекшелеп алып, оларды өшіріп тастаңыз.
Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Кітаптың нөмірі, Туған жылы, Мекен-жайы, Телефоны, Білімі бас қару элементтерін жаңа орынға орналастырыңыз.
Файл-Сақтау командасын орындап немесе Қалыптар конструкторы аспаптар панеліндегі Сақтау батырмасын басыңыз.
Пайда болған Сақтау сұхбат терезесіндегі Қалыптың атын енгізу өрісіне қалыптың атын Оқырманның кітапшасы деп көрсетіңіз, Ок батырмасын басыңыз.
Қалыптар (Формы) терезесін жабыңыз.
Қалыптар тізімін алу үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Қалыптар таңбашасын шертіңіз. Осы тізімде Оқырманның кітапшасы деген бірінші қалып пайда болады.