Практик психолог жұмысының ұйымы.
Психолог жұмысының эффективті болуы үшін оған жеке кабинет және топтық зерттеу жұргізу үшін кеңістік керек. Кабинет автоматтандырылған жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі керек; яғни қажетті бағдарламасы бар компьютер, аудио – видео аппараттар, психодиагностикалық мәліметтерді және документтерді сақтайтын орындар болуы керек.
Психологиялық сабақтар, факультативтер, ата – аналар мен мұғалімдерге арналған лекциялар әдеттегі оқу сыныптарында немесе арнайы психологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Онда оқыту –методологиялық материалдар: психологиялық күнтізбе; психологтың хат жәшігі; бір күндік психологиялық кеңес; мұғалімдер, ата – аналар және әртүрлі жастағы оқушыларға берілетін ұсыныстар.
Психологиялық жеңілдеу сеанстарына арналған кеңістіктер және олар ерекше безендірілуі керек.
Практик психологтың жұмыс орны келесі блоктардан тұрады:
Іс -әрекетін жоспарлайтын документациялар;
Психодиагностикалық зерттеулер қорытындысын көрсететін документациялар;
Корректорлі – дамытушы жұмыстарды жоспарлау, ақпараттармен, инструменттермен қамтылған;
Әртүрлі тренингтерді жүргізуге арналған жоспарлар мен инструменттер;
Психологиялық диагностикалар, коррециялар, профилактикалар, кеңес беруші әдістер мен мәліметтік базалар;
Клиенттер мен олардың проблемалары жайындағы мәліметтер;
Психологиялық орталықтар жайында мәліметтер;
Практик психолог интернеті;
Кітапхана, картотекалар, видеотекалар.
Мұнда кабинет - жұмыс эффективтілігін жоғарлату, клиенттерге психологиялық комфорт орнатуға және психологпен сенімді қарым – қатынас орнатуға көмек береді.
Психологтың жұмыс жоспары – бір жылдық жоспар, айлық күнтізбелі жоспар, бір апталық және бір күндік жұмыс жоспарларынан тұрады.
Жылдық перспективті жоспар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің стратегияларын бейнелейді; балардың психологиялық дамуының мақсаты мен міндеттері, даму қиындығының психологиялық себептерін анықтау; педагогикалық эксперименттердің бағытталуын анықтау. Бұл жоспар міндетті түрде мекеменің (мектеп, бала – бақша) перспективті жоспарларымен сәйкестендіріледі.
Күнтізбелік жоспарлар практик психолог жұмысында өзінің функцияларын толық көлемде іске асыруына көмек береді. Функционалды міндеттерді орындалуын реттеу үшін, іс - әрекеттің басымды бағытын қарастыру ұсынылады.
Дүйсенбі (психодиагностика). Психодиагностика және зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Сейсенбі (психологиялық кеңес беру). «Сенім телефоны», индивидуалды және отбасылық кеңес беру.
Сәрсенбі (психокоррекция). Психокоррекциялық және психопрофилактикалық жұмыс.
Бейсенбі (психопрофилактика). Қарым – қатынас тренингін жүргізу, психотерапиялық сеанстар, психологиялық гимнастика.
Жұма (психологиялық – педагогикалық пропаганда). Модельді курсстар, педконсилиум, педсовет жүргізу.
Әр күнге нақты жұмыс көлемі анықталынады. Аптаның бір күнін өзіндік білімге және психодиагностикалық материалдарды өңдеуге арнау керек. Психологтың профессионалды іс - әрекеті оның документацияларында көрінеді:
Мекеменің тәжірибелі – эксперименталды жұмысын психологиялық қамтамасыз ету жоспарлары нақты, өзекті тақырыптар (2-3 ж) бойынша болады.
Практик психологтың жылдық жоспары келесі бағыттар бойынша болады:
Балалар және тәрбиеленушілер ұжымдарын диагностикалау.
Педагогикалық процестер гуманизациясы, болжамдау және диагностикалау.
Балалар, оқушылар, педагогтар, ата – аналар және жетекшілермен кеңес беру жұмысы.
Балалармен коррекциялық жұмыс.
Мұғалімдер ұжымында психопрофилактикалық жұмыс.
Ұжымдық жұмыс.
Психолог жұмыс орнының циклограммасы.
Психолог жұмысының апталық (айлық) жоспары.
Психодиагностикалық документациялар.
Жүргізілетін жұмыстардың қысқаша жоспары.
Психолог пен педагогтың бірлескен жұмысындағы өзара әрекеті.
Психолог пен педагог баларды дамыту мақсатында өзара бірлесіп іс - әрекет жасайды. Бірлескен іс - әрекеттің жетістігі үшін қатысушылардың құндылық – операцияларының бірлігі қажет. Білім беру мекемесіне келгенде психолог – педагогтың балалармен қарым – қатынастың мақсатындағы білім беру ойына кезігеді.
Психолог педагогикалық процестерінің қатысушыларының бірі болып педагогикалық коллетивтің мүшесіне енетіндіктен бұл ақиқаттарды ескеру қажет. Сонымен қоса көбіне педагогпен және педагогикалық ұжыммен сай келмейтін профессионалдық жүйенің мақсатын және құндылық ориентацияларын тасушы болады.
Д. В. Оборинанаң зерттеулері педагогикалық пен психологиялық профессионкалдық менталдығын принципиалды өзгерістерді көрсетті. Оның ойынша профессионалды ментальдықтың құрамына профессионалдық мотив, құндылық ориентациялары және әлеуметтік бағдарлар кіреді.
Психолог
|
Педагог
|
1.Уақытша перспектива
|
Мотивация осы шаққа, және жақындағы болашаққа, сонымен қоса ашық осы шақ периодына бағытталған.
|
Мотивация көп мөлшерде жақын және алыстағы бодашақ кезеңіне жатады.
|
2. Мотивация мазмұны.
|
Танымдылық мотивация және өз тұлғасына байланысты мотивация, яғни «тең компенсациясымен», қажеттелігінің жоғарғы деңгейімен көрінеді.
|
Қарым – қатынаста, мамандық бойынша жұмыс істеу профессионалдық сферада самореализацияға, альтернативтік мотивация (қоршаған ортадан махаббат, сыйласымдылық) бағыт көрінеді.
|
3. Құндылық бағыттар.
|
Бақытты отбасылық өмір, басқалардың бақыты.
|
Бостандық, танымдық.
|
Инструменталды құндылықтар.
|
Көзқарастардың кеңділігі, істе эффективтілік, тәуелсіздік, рационализм.
|
Әдептілік, ұқыптылық, өзінің және басқалардың жетіспеушіліктеріне мойынсынбау.
|
4. Балаға қатысты бағдар.
|
Бақылау деңгейі.
|
Минималды бақылау, баламен либералды стильде қарым – қатынас жасау.
|
Жоғарғы деңгейдегі бақылау, авторитарлы қарым – қатынасқа жақын болу.
|
Оқушының бейнесі.
|
Қабылдаудың жоғарағы когнитивтілік қабылдауы, бағасыздық.
|
Қабылдаудың төменгі когнитивтілік қиындығы, бағалаушылық.
|
Бұл айырмашылықтар педагог пен психологтың бірлескен іс - әрекетіне қиындық тудыруы мүмкін. Психологтың тәрбиелік білім беру процесіне әсер ету үшін ол педагогтарға елеулі адам болуы керек.
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулер көрсеткендей бірлескен әрекетке қатысушылардың бір – біріне елеулісі олардың қажеттіліктері және құндылық бағыттапының ұқсастығымен негізделген. Осыдан психологқа құндылық бағыттарын және бағдарларын жақындастыруға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізуі керек.
Профессионалдық әрекеттің бірінші этапында психолог – педагогта өз қалаған психолог бейнесін қалыптастырады, эмоционалдық статус және профессионалдық авторитетін иемденеді. Кейініріек ол ртақ координаттар тауып, олрдың негізінде қарым – қатынастың профессионалдық программасын құрады. Бірлескен іс - әрекеттердің негізінде бірлескен іс - әрекет программасы іске асып білімдердің, дағдылардың ортақ фонды қалыптасады. Олардың алдында жетістікпен жұмыс істеген профессионалды болған тәрбие – білім беру мекемелеріне кейбір практик психологтар барады. Олардың функционалдылық төмендігі олар келмей тұрып құрылмаған. Психологияның функционалдық міндеті көбіне анықталмаған және әртүрлі мекемелерде, әртүрлі педагогикалық ұжымдармен және олардың мүшелерінен әртүрлі түсіндіріледі.
Практик психолог олардың іс - әрекетіне сұраныс болмайтын жағдайларға да ұшырайды. Педагогтар психологтың көмегі қажет емес деп санайды. Егер психолог өзінің психологиялық мекемесіне, мысалы психологиялық кеңес беруге келсе мұндай жағдайлар мүмкін емес.Психологиялық кеңес беруде психологтың жұмысы психологиялық қарым – қатынасқа және ұсынысын қабылдауға мотивтелінген клиент иновациясымен жүзеге асады.Сұранысты қажет етпеу жағдайына түскен кезден бастап келе жатқан мектеп психологы фрустрация күін кешеді.
Көп жағдайларда психологтың жұмысына сұраныс бар, бірақ ол адекватты емес болып табылады. Адеватты емес, психолог жұмысының мазмұнына, мақсатына байланысты көрінуі мүмкін. Адекватты емес сұраныстар мысалы: «Сіз біздің бала – бақшаның барлық 12 топпен математика пәні бойынша жұмыс істейсіз.Сіздің міндетіңіз оларды мектепте математика пәнін оқуға дайындау.», «Бақылауға қиын балаларды алыңыз және қоңырауда тәртіп орнатыңыз және т.б.».
Адекватты емес сонымен қатар психолог жұмысының спецификасы мен әдістемесіне қатысты көрінеді.
Әдістеменің жүйелі міндетіне кіретін әдістемелік аспектісін және психолог жұмыс мазмұнын құрайтын психологиялық аспектілерін бөліп көрсету керек.Осы сұрақтардың адекватты емес бөлігі мақсатқа жету әдістемесі болып табылады.
Сондықтан, психологтың педұжымымен өзара қатынасының бірінші этапында өзінің әрекетінде адекватты сұраныстарын құрастырумен айналысуы керек, ол қандай жағдайда, қалай, қандай шарттарда қажет екенін түсіндіруі қажет.
Мұғалім және психологтың бірлесіп жұмыс жасауына мүмкін тапсырыс; Г.С.Абрамованың ойы бойынша, психологиялық ақпараттармен өзара әрекеттесу, психикалық және тұлғалық даму нормасының құрылымдылық түсінігі ретінде құрылуы мүмкін және қажет. Егер оқушы және оқытылушының өзара қатынасының пәні сабақ болса, онда психолог бұл жағдайда өзінің қатысуымен келесі міндеттерді шешуі керек:
Оқушының оқу процесін адекватты бейнелеу проблемеларын;
Мұғалімнің оқу пәнінің өзара қатынас пәні ретінде адекватты бейнелеу проблемасы;
Оқытушының оқушы өмірінде алатын орны мен ролін адекватты бейнелеу проблемасы;
Оқушының өміріріндегі ролі мен орнын адекватты бейнелеу проблемасы.
Ерекше назарды педагогикалық ұжымның әртүрлі мүшелерінің функционалды міндеттерін зерттеу қажет етеді. Ол өзінің функционалды міндеттерін және жұмысында басқа мамандармен қиылысу орнын саналауға көмектеседі
Білім беру мекемелеріндегі психолог жұмысының формалары мен мазмұны.
Психолог балалардың психологиялық даму қадамдарына жалпы бақылау жұмысын іске асырады. Психологиялық диагностиканың пәні баланың психологиялық статусын анықтау болып табылады (психологиялық функиялардың даму ерекшеліктері, тұлғалық даму сатылары, мінез – құлық, жүріс – тұрыс, темперамент).
Психолог жұмысындағы ерекше категория – ол ата – аналар. Мектеп тәжірибелеріндегі талдаулар, ата – аналармен жұмыс күрделі өзгерістерді талап етуін көрсетеді. Оның сәттілігі көптеген міндеттердің шешеіміне байланысты.
1 міндет – жанұя тұлғаның қалыптасуындағы ерекше рольді атқарады, осыған байланысты педагогтар мен ата – аналардың психологиялық бағдарын өзгерту.
2 міндет – жанұялық тәрбие және ата – аналар қажеттілік шарттары, ғылыми жанұялық диагностика.
3 міндет – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық дайындауға дәстүрлі жағымсыздықтан айыру.
4 міндет – ата – аналардың өзіндік педагогикалық мүмкіндіктерді кең қолдануы, яғни ата – аналар мен жұмыс жүргізуде олардың өзіндік ойларымен санасу.
5 міндет – жанұяға психологиялық – педагогикалық жедел жәрдем ұйымдастыру.
6 міндет – ата – аналармен практикалық сипатта жұмыс көрсету, яғни жанұялық тәрбиелеу техналогияларын үйрету.
Психологиялық қызмет моделінде мектеп әкімшілігі елеулі орын алады. Психолог жетекшілерге тұлғаларды күшті және әлсәз жақтарын тануға, ұжымдағы психологиялық жағымды микроклимат орнатуға, іс - әрекет және басқаруда оптималды стильді таңдауға, пед ұжымнық диагностикалауға; кадрларды аттестациялап, реттеуде, дұрыс таңдау, тұлға аралық және ұжымдық шиеленістерді шешуге шақырылады.
Психолог жұмыс жасайтын категориялардың ең күрделісі – мұғалімдер. Олар психологиялық қызметті әртүрлі қабылдайды: бірлесіп жұмыс жүргізуге ұмтылу, қызығушылықпен, немқұрайлылықпен, сенімсіздікпен, кейде ашық түрде қарсылық танытады. Жоғарғы компетенттілік, объективтілікпен, жұмысының практикалық бағыты және жұмыс нәтижелері ғана психолог мұғалімдер ұжымының сенімін жаулайды. Ең алдымен тұлғалық психодиагностикадан бастаған жөн. Мұғалімдердің ерекшелігін зерттегеннен кейін, стимулдандырушы кеңестер беру қажет.
Мұғалімдер тұлғалық ерекшеліктерін бағалауға өте жағымсыз қабылдайды. Әдетте олар басқаларды бағалауға уйренген. Оған өзінің кемшіліктері мен әлсіз жақтарын есту оңайшылыққа соқпайды. Сонымен қатар мұғалімдердің көбінің тұлғалық үрей деңгейі жоғары болады, психолог тұжырымдамаларын асыра сілтеп немесе толығымен мойындамайды.
Осы қиыншылықтарды болжай отырып, психолог өзін - өзі бағалау және топтық динамикалық әдістерді қолдануы мүмкін. Айтылып өткен жағдайларда психологтың өзі мұғалімдерді бағалауда ұстамды болады.
Психологиялық қызметінің авторлық моделі.
Білім берудің психологиялық қызметі туралы халы психологтың профессионалды іс - әрекетінің негізгі бағыттарын ғана білдіреді. Бұл жалпы әрбір нақты білім беру мекемелерінде ерекше қырларға ие болады және психологтың профессионалды шеберлігінің және творчествалық жоғары деңгейіне байланысты бірегей болады.
Психолог мектеп немесе бала - бақшаның және оның құрамының дамуының психологиялық жағынан қамтамасыз етуге күіші жетсе, ол әлеуметтік тапсырыстарды орындады және бала – бақшаның немесе мектептің әлеуметтік күшін айқындайды.Осылайша психологиялық қызметтің авторлық моделі пайды болады. Мектептің психологиялық қызметінің кез келген авторлық моделі приоритетінің, жүйесін, серпімділігін, формаларының алуан түрін және жұмыстарын, әдістерін бөлуді көрсетеді. Бұл қызмет экологиялық және адами болуы керек, яғни қыз бен әр баланың мінсіздігіне және қайталанбастығына культивировать ету. Ол психологтың профессионалды достастығына, творчествалығына, іскерлік оптимизміне сүйенеді. Психологиялық қызметінің авторлық моделі психологтың тұлғалық және профессионалды һзіндік анықтауға сүйенеді.
Психолог жұмысына керекті негізгі құжаттар.
Әрбір білім мекемесінде ең негізінен психологтың жылдық жоспары болуы қажет. Ол жоспарға қойылатын талаптар:
нақты мекемедегі білім беру іс - әрекетінің мақсаты мен міндеттерін есепке алу.
бұл жұмыс жоспары Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша балалардың қызығушылығын қорғау, балалардың құқығын қорғау туралы конвициалық негізгі нормативті құжаттарды есепке алуы қажет.
Жұмыс жоспары келесі графалардан тұруы керек.
№
|
Жұмыс атауы
|
Өткізілу жағдайлары
|
Жауапты адам
|
Өткізілетін уақыты
|
Алынатын қорытынды
|
|
|
|
|
|
|
Психологтың сонымен қатар жүргізілу жұмыстары қорытындыларының есебінде келесі ерекшеліктерді еске алуы шарт.
Зерттеу себебі;
Зерттеу жоспары;
Зерттеуді жүргізуге жауапты адам;
Зерттеудің өткізілетін мерзімі;
Қолданылған әдістерді талдау;
Зерттеу қорытындысы.
Сонымен қоса мектеп психологының кеңес беру жұмысының журналы болуы қажет.
Күні
|
Өткізілу мерзімі
|
Консультацияға алынатын адам
|
Консультацияға алыну себебі
|
Консультация қорытындысы
|
|
|
Аты
|
Жасы
|
Жын-сы
|
|
|
Психологтың топтық жұмыс жасауына да арналған журнал бар.
№
|
Күні
|
Өткізілу уақыты
|
Жұмыс тақырыбы
|
Қатысушылар туралы есеп
|
Жүргізуші
|
Ескертулер
|
|
|
|
|
|
|
|
Мектеп психологы коррекциялық жұмыс жасау кезінде келесідей ерекшеліктерді есепке алуы қажет.
Аты – жөні _______________________________________________________
Білім беру мекемесі ________________________________________________
Сыныбы __________________________________________________________
Маман ойы _______________________________________________________
Оқушының күшті жақтары __________________________________________
Оқушының әлсіз жақтары ___________________________________________
Коррекциялық жұмыстың өту кезеңі __________________________________
Коррекциялық жұмыс кезіндегі өзгерістер _____________________________
Ұсыныстар _______________________________________________________
Коррекциялық дамытушы сабақтар бағдарламасын төмендегідей жасауға болады.
Өзектілігі
Нақты сабақтың жоспары
Осы тақырыптың мақсат, міндеттері
Коррекциялық жұмысты жүргізуші
Коррекциялық жұмыста алынған қорытындылар
Сонымен қоса мектеп психологы жұмысыны төмендегідей ұйымдастыра алады:
№
|
Өткізілу уақыты
|
Мұғалімдермен жұмыс
|
Оқушылармен жұмыс
|
Ата-аналармен жұмыс
|
|
|
|
|
|
Мектептегі психологтың іс - әрекетінің бағыттары:
Мектептегі психодиагностикалық жұмыстар;
Психокоррекциялық немесе дамытушы жұмыстар;
Мұғалімдерге, ата – аналарға кеңес беру жұмыстары;
Ағартушылық жұмыстар.
Ата – аналармен жұмыста келесі ерекшеліктерді есепке алу қажет:
Отбасын ғылыми түрде диагностикалау. Бұл диагностика анкетадан басталып отбасы портретін жасаумен аяқталынуы қажет.
Психологиялық жұмыстардан ата – аналардың бас тартуы.
Ата – аналардың мүмкіндігін ескеру, сонымен қоса қызығушылықтарын отбасы мүмкіндіктерін есепке алу. Ата – ананың бойында қоғамдық ойлар қалыптастыру.
Әр отбасына психологиялық көмек көрсету.
Ата – анамен жұмыс практикалық мінезге ие болуы қажет.
Мектеп әкімшілігімен жұмыс.
Мектеп әкімшілігінің жағымды психологиялық микроклимат қалыптастыруға ролі.
Іс - әрекеттің оптималды стилі.
Педагогикалық ұжымның диагностикасы.
Мектеп әкімшілігінің тәжірибелі маман таңдауларында көмек көрсету.
Кадрларды аттестациядан өткізу кезінде жүргізілетін психологиялық жұмыстар.
Ұжымда кездесетін өндірістік конфликтілерді шешу кезіндегі көмек.
Мектеп психологының мұғалімдерімен жұмысының психологиялық ерекшеліктері.
Жеке адамды психодиагностикалау.
Оларды қарым – қатынас пен іс – ірекет кезінде бақылау.
Мұғалімдерге психотерапиялық көмек көрсету.
Педагогикалық ұжымындағы тұлға аралық қатынастар.
Педагогикалық ұжымның іс – ірекеті.
Ұжымдағы басқару стилінің ерекшелігі.
Педагогикалық ұжымның көңіл – күйі.
Педагогикалық ұжымгың даму динамикасы мен деңгейі.
Педагогтардың базалық әлеуметтік – бағдары.
Педагогтың өзіне деген бағдар.
Әкімшілікке деген бағдар.
Ұжымның бағалаына деген бағдар.
Өз іс - әрекетіне оның мазмұны мен құралына деген бағдар.
Оқушылардың қызығушылығына деген бағдар.
Жалпы ұжымға деген бағдар.
Оқушылардың ата – аналарының бағалауына деген бағдар.
Мектептегі психологиялық орталықтар.
Мектептегі психологиялық орталықты құрудағы, психологиялық қызмет іс - әрекетінің актуалды және перспективті бағыттары бар.
Актуалды бағыт кезінде – балаларды оқыту – тәрбиелеу кезіндегі қиындықтарды шешуге, яғни тұлғаның жан – жақты қалыптасуына бағытталған.
Перспективті бағыт – бұл бағыт әр баланың индивидуалды дамуын зерттеуге бағытталған. Осы кездегі психологтың міндеті әрбір жеке адамның қабілеттерінің дамуы кезіндегі психологиялық жағдайларға талдау жасау.
Ағартушылық әртүрлі формада болады.
лекция;
семинар;
әдістемелер;
көрмелер;
мамандық жәрмеңкелер.
Психологтың кеңес беру жұмысының іс - әрекеті негізгі бағыт болып табылады. Кеңес беру - Әкімшілікке;
Ұстаздарға;
Оқушыларға;
Ата – аналарға.
Кеңес беру жұмысы индивидуалды және топтық формада болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |