вербалданбаған, кӛркемделмеген тапсырыстың негізінде психоло гиялық проблеманы
құрастыруы қажет.
Жалпы клиенттер тәжірибелеуші психологпен кездесуге кеңес алу немесе
психотерапия сеанстарына ӛз бетінше келеді. Алайда кейбір жағдайларда (жабық
мектептер, түрмелер, клиникалар) адамдарды психологқа олардың келісімінсіз
бағдарлайды. Әрине осындай жағдайда ӛзара қолайлы қатынастарды қалыптастыру
қиынға соғады.
Клиентке қарағанда тапсырыс беруші психолог пен клиент арасындағы делдал
іспеттес. Кейде ол жақындарына, таныстарына немесе қоластындағыларына
психологиялық кӛмектің қажет екендігін сезінетін алайда оны ӛз күшімен жасай
алмайтын интуитивті психолог рӛліне енеді. Кейде ол нақты ұйымның басшысы
ретінде ондағы сәйкес инновациялық немесе қайта ӛңдеу іс шараларының шешу
жоспарларына енген диагностикалық және кеңес беруші іс шаралады және кеңес
беруші іс шаралады бастамашысы болып табылады. Кейбір жағдайларда клиент пен
тапсырыс беруші бір адам болып табылады. Ол психолотан жеке дара кӛмек
сұралып, топтық (тұлға аралық) психодиагностика мен кеңеске ұласатын,
ӛзарақатынастардағы дау дамайлардың шешілуі болжайтын жағдайларда орын алады.
Егер де адам психологқа: «Мен мұнда балаларыммен дұрыс араласу үшін және ол
жайында талқылау үшін келдім» деп кӛмек сұрай келсе, психолог балалар
проблеманың орталық үзбелісі болып табылса да олар жайлы тақырыпты елемей қоя
алмайды.
Тапсырыс
беруші
психологқа
клиенттің
әлеуметтік
мәртебесінің,
проблемасының ӛзіндік нұсқасын ұсынады. Кейде ол кӛзделеген психологиялық
кӛмектің мерзіміне, кӛлемдеріне және кейбір басқа да ерекшеліктеріне қатысты
жағдайлар жӛнінде алдын ала ескертеді.
Он тӛрт жасқа дейінгі бала психологиялық қызметтердің тапсыр беруші бола
алмайды, ӛйткені ол құқықтық нормаларға сәйкес ӛз әрекеттеріне заңды жауап бере
алмайды. Бұндай жағдай психологиялық ақпаратты ұсынуға және оны кімнің
пайдаланатынын анықтауға қатысты құқықтық шеңберлерді қалыптастырады.
Сондай –ақ бұл практикалық психологтың диагностикалық зерттеулерінің
нәтижесінде алған ақпараттың кімге және қандай мақсатпен қолданылатыны жайлы
мәселе. Егер де клиент он тӛрт жасқа дейінгі бала болса, психологиялық ақпарат оған
жауапты адамдарға хабарланады. Ата –аналар немесе қамқоршылар сірә ол ақпаратты
баланың қызығушылықтарына орай пайдаланар.
Ересек адамға оның ӛзі пайдаланып, проблемасын қабылдап, шеше алатын
психологиялық ақпаратты хабарлайды. Клиенттің психологиялық проблемасының
шешімі қандай тиімді болса да, ол тек психологтың ойына ғана келсе, оны таңуға
тырысудың қажеті жоқ. Мұнда адамдардың психологиялық мәдениеті нақты (алайда
негізі емес) рӛл ойнайды. Ол практикалық психолог қызметіндегі психологиялық
ақпаратты алу, ұсыну және пайдалану қиыншылықтарының алдын алады.
Нақты психологиялық міндет психологқа клиенттің немесе тапсырыс
берушінің тарапынан түскен тапсырыстан пайда болады
Достарыңызбен бөлісу: