№13 дәріс. Психологиялық қызмет стратегиясы
Дәрістің мақсаты:
Психологиялық қызмет стратегиясын және
психологиялық қызметтің
тиімділігін түсіндіру.
Негізгі ұғымдары:
Психолог қызметінің тиімділігі
,
құзырлық, қарым-қатынас,
психотерапевт, психолог.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Практикалық психологтың қызметі тиімділігі
2. Психолог жұмысының жоспарлануы
Психолог қызметінің тиімділігі-
бұл
психологтың клиентпен және тапсырыс
берушімен ӛзара қарым-қатынасының мекеме мақсаттарына сәйкес келу деңгейі.
Психолог қызметінің тиімділігінің негізгі факторы оның тұлғасы:
профессионалдық,
психологиялық құзырлық, адамға кӛмектесуді шын ниетімен қалау, қабылданған шешім
мен әрекеттеріне жауап беру, жаңа міндеттерге, оған ұсынылған әрбір жаңа клиент
мәселесінің жеке тарихына шығармашылықпен қарау. Психолог ие болуға тиіс тұлғалық
сапалардың тізімі клиентпен бірге уайымдап, оны сезіне білуден тұрады. Психологтарды
кӛбінесе кішкене оқиғаларды ұлғайтып қарауға дайын тұратындықтары үшін сынайды.
Психологтардың кӛпшілігі адамзат қатынастарының мәнін түсініп,
оларды уайымдауға
бейім. Олар үшін ӛмірдің әрбір сәті мазмұнға толы. Олардың сеанстары шешуші кездесуге
айналады, айтылғандардың барлығы терең мазмұнға толы болады.
Келесі психологтар клиентке «техникалық» жағынан қарайды. Олар үшін тек қана
қорытынды ғана маңызды, яғни мәселенің мәні. Осындай психологтардың кейбіреулері
істің мәніне байланысты қасында ӛзге адамдардың бар екенін сезінбейді. Олар ӛз
сезімдеріне сенбейді. Олар тұлғалық ерекшеліктерді жылдам сезінетін серіктері асығыс
қорытынды жасайды деп есептейді. Психологқа ақыл мен ерлік қажет. Ол пациентпен
жақсы қарым-қатынасты сақтау үшін компромиске тырыспай, қажет және дұрыс деп
тапқандарын орындау керек. Пациент үшін жауапкершілікті сезінуі керек. Психотерапевт
жан
жақты болу керек, бір әдістен келесі әдіске ӛте біліп, адам тұлғасын романтикалық
ете білуі керек.
Психотерапевт ақылды болуы керек- қателіктерді мойындап, түңілулерге
шыдамдылық танытуы керек, клиентті сыртқы пішініне, жасына немесе әлеуметтік тегіне
қарап сынауға болмайды. Кӛптеген психотерапевттер жастармен жұмыс істеуде
батырланады, ал алдына танымал адам келсе қысылады. Олар здерінің серіктестеріне
қандай танымал актер немесе маңызды адаммен жұмыс істегенін мақтанышпен айтады.
Материалдық жағдайы жақсы адамдарды ӛмірлерін қалай жақсартужетістікке жетуді
қажет ететін адамдармен қарым-қатынаста материалдық жетістік роліне қалай жету
керектігін түсінуге қабілетсіздер де кездеседі. Мұндай
психологтар ересек адамдармен,
бай немесе денсаулығы нашар адамдармен жұмыс жасауға бейімсіз келеді. Жақсы
психотерапевт материалдық қажеттілікпен ауырудың қауіпті екенін біліп, ӛзінің
құндылығын сезіну тұлғаның ажырамас қасиеті емес, одан айырылып қалу мүмкіндігін
түсінуі керек. Психотерапевт қаражат алмаса да оған деген қатынасын ӛзгертпейтініне
клиент сенеді. Сонымен қатар ӛзінің табиғи артықшылығын да ұмытпау керек. Психолог
пен клиенттің қатынастары табиғаты бойынша- жетістік пен сәтсіздік арасындағы
қатынас. Ӛмірде орны бар, сонымен қатар мәселесі жоқ психолог жұмыс, отбасы немесе
ӛмірдің мәнін таппай жүрген клиентпен әңгімелесе отырып, клиент ӛзін толыққанды
сезінетіндей ұстауы керек.
Практикалық
психология
жүйесіндегі
кӛптеген
нәрселер
материалдық
жағдайлармен анықталады: ыңғайлы бӛлме, қажетті құрал-жабдықтар және т.б.
Психолог алдында тұрған міндеттерді шешу үшін
психолог диагностика
жүргізетіндей және кеңес беру мен психотерапияның қажетті шараларын ӛткізетіндей ұзақ
мерзім қажет.
Психологияда ӛлшеу әдістеріне қойылатын белгілі бір талаптар қалыптасқан:
● мақсатты, пәнін және қолданылу аймағын біржақты анықтап, теориялық негіздеу,
зерттелушілердің контингентін кӛрсету;
● болжаммен және ӛзге де зерттеу параметрлерімен таныс емес маманға беруге
болатындай біржақты алгоритм түріндегі процедураның тапсырылуы;
● ӛңдеудің, есептеудің және тесттік балдарды стандарттаудың жүйелік негізделген
әдістерінің болуы;
● репрезентация, сенімділік және валидтілікке тесттік шкалалардың тексерілуі;
● қолайлы болуын бақылау құралдарымен есептеу процедурасын қамтамасыз ету.
Психодиагностиканың тиімділігі бағдарлама дайындау мен әдістеме батареяларын
таңдау сапасына байланысты.
Диагностикалық бағдарламаны тағайындау келесідей әрекеттерден тұрады.
1. Диагностика пәнін анықтау (тұлға қасиеттері, әрекет, уайым, когнитивтік
үрдістер, әлеуметтік-психологиялық құбылыс). осыған байланысты адекватты әдістемелер
немесе олардың жиынтығын таңдау.
2. Таңдалған әдіс кӛмегімен психикалық құбылыстың қандай жолмен
диагностикаланатындығын анықтау.
3. Әдістің ӛзі бағытталған нәрсені зерттейтіндігіне кӛз жеткізу.
Бұл әдістің
валидтілігі туралы мәселе.
4. Әдістің қандай мақсатқа бағытталғандығын анықтау: ғылыми зерттеу үшін,
практикалық диагностика немесе кадрларды таңдау мен орналастыру. Диагностикалық
әдістердің ӛңделген нормалары міндетті түрде болуы керек және нәтижелерін
интерпретациялау түсінікті болуы керек.
5. Диагностика бағдарламасын кім жүргізетіндігін анықтау керек: егер психолг
болса, әдіс күрделірек болады.
6. Әдістің қай категориядағы адамдарға арналғандығын анықтау: балалар не
ересектер, сау адамдар немесе аурулар, сауатты немесе сауатсыз сыналушылар;
топтар
немесе жеке индивидтер.
7. Диагностиканың мерзімі мен уақытын, сонымен қатар тестілеудің мерзімдік
нормасын анықтау.
8. Әдістің үнемділігіне қойылатын талапты бағалау: арнайы құралдарды қажет ету,
зерттеу жүргізуге арналған орынды безендіру.
Осы мәселелерді шешкеннен кейін кейбір тапсырмалардың теориялық негізбен
нақты мақсатқа сәйкестігін ескере отырып әдісті құруға кӛшуге болады.
Клиенттің психологиялық ықпал процесіндегі тұлғалық ӛсуі проективті және басқа
да әдістердің кӛмегімен анықталады. Диагностикалық әдістердің батареясы
қолданылғанда сыналушылар таңдауының қалыпты таңдаудан айырмашылықтарының
үйреншікті
принциптерінен, сондай–ақ клиенттердің ахуалы жақсарған сайын олардың
психологиялық кӛрсеткіштері нормаға жақындайтынынан бастайды. Психологиялық
ықпалдың басында, процесін және соңында алынған орташа кӛрсеткіштер
салыстырылады.
Психолог жұмысының жоспарлануы оқу жылының перспективалық жоспарынан, айлық
күнтізбелік жоспардан, ағымдық жұмыстардың апталық жоспарларынан және күнделікті
жұмыс жоспарынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: