Практикалық психология пәнінен лекциялар кешені №1 дәріс. Практикалық психология және психологиялық көмек туралы



Pdf көрінісі
бет60/65
Дата03.03.2022
өлшемі0,76 Mb.
#134248
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
Практикалы психология п нінен лекциялар кешені №1 д ріс. Практи (1)
№4,2 Жасушаның ген. аппар, 5 апта Жас Ишки секция, 5 апта Реферат
1. Жауапкершілік.
Психолог психологиялық кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыруды
барысы мен нәтижесін ӛз жауапкершілігіне алады. Оның іс-әрекетінің бастапқы пункті 
клиенттің қызығушылығы. Бұл қызығушылықтарды түсіне білу ӛте маңызды. Егер 
психолог клиенттің сезімінің шынайы табиғаты мен қажеттіліктерін түсінбесе, 
психотерапияда ӛзгерісті күту қиынға соғады.
Дегенмен клиент мәселесін шешудегі психотерапевтің жауапкершілігін асыра 
сілтеу дұрыс емес- оның ӛзінің шегі бар. Клиенттің жағдайындағы даму біріншіден ӛзіне 
байланысты екенін оған түсіндіру керек, және осы күрделі жолды ол ӛзінің біліміне
тәжірибесіне және психологтың қолдауына сүйене отырып ӛзі ӛтуі керек.
Психолог жауапкершілігінің когнитивті аспектісі маңызды болып табылады. Бұл 
дегеніміз, психолог ӛзінің теориялық және әдістемелік біліміне жауап береді және кәсіби 
құзырлық шекарасын түсінеді. Мысалы, ол нақты психотерапиялық диагноз қою қызметін 
ӛзіне жүктемейді және осы негіздегі түзету жұмыстарын да ӛз мойнына ала алмайды. 
Белгілі бір аймақтағы болашақ маман, психолог кәсіби дайындық негізінде алынған 
квалификациялық әрекеттерді жүзеге асыруы керек.. бұл шығармашылық ізденісті 
шектемейді. Ізденіс ситуацияларды терең түсінуге негізделген нәтижелі болуы керек және 
арнайы дайындыққа сүйенуі керек. 
Заң бойынша, психологтардың тәжірибеге қатысуларына олардың құқықтарын 
куаландыратын сертификаттары болуы керек. Психотерапевт мамандығына ие болу үшін 
жалпы психология, әлеуметтік, жасерекшелік, педагогикалық, медициналық психология
патопсихология, психодиагностика және т.б аймақтардан білімі болуы керек. Теориялық 
дайындықтан басқа психотерапевттен арнайы дағдылар мен біліктіліктер талап етіледі. Ең 
соңында, ол белгілі бір тұлғалық ерекшеліктерге ие болуы керек. Біріншіден психолог ӛз 
мәселелерін шеше білуі керек, әйтпесе олар жұмыста қателік жібереді. Психолог түсіне 
білу және ӛзінің терең қажеттіліктерін қанағаттандыра білу біліктілігін дамытуы керек. 


Егер психолог ӛзінің мәселелерінің орнын толтырса, онда ол клиентті тыңдай алмайды. 
Психотерапевт клиент үшін модель болып табылады, сондықтан да оның кӛңіл-күйі 
болып жатқан ӛзгерістерді анықтайды. Мысалы, қабылдай алуға байланысты тәжірибесі 
жоқ психотерапевт әрқашан мойындауды күтеді және оған клиент ұсынған 
«замечательный доктор» ойынына қатысады.
Жауапкершілік принципі клиентпен тікелей жұмысты аяқтауына әкеледі, егер оны 
аяқтаудың маңыздылығы оны жалғастырудың маңыз-дылығынан асып тұрса. Бұл 
жағдайдың экономикалық, логикалық және адамгершілік негізі бар. Нақты ситуация 
мынандай болуы мүмкін, тұлғаны тұтастай түзету жалған сияқты кӛрінеді, және 
сеанстарды ары қарай жалғастыру уақыт пен құралдарды артық және ұтымсыз 
шығындауға әкеледі. Егер клиентті келесі маманға, мысалы психиатрға жіберу керек 
болса, психолог жұмысын тоқтатуы керек. 
Психологтың жауапкершілігі оның клиентте негізсіз үмітті туындат-пауынан 
кӛрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет