«Құндылық» дегеніміз – адамның өмір тіршілігі барысында жеке қызығушылығы мен қажеттілігінен туындайтын, яғни оны жоғары қоятын бағалы, құнды нәрселер жиынтығы (жеке және әлеуметтік қызығушылығы). «Салауатты өмір салты» дегеніміз – жеке адамның жақсы өмір сүруіне қажетті, яғни жан мен тән үйлесімділігін сақтап, оны дамытуға бағытталған құрылымдық жүйе. — Жастар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын, рухани және шығармашылық мүдделер басымдықтарын белсенді таратуға көмектесетін балалар мен жастардың ынталы бірлестіктерін, қоғамдық жастар ұйымдарын құру; — Жастар арасында алкоголизм, нашақорлық, токсикоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу; — Балалар мен жастарды әлеуметтік-психологиялық сауықтыру бағдарламаларын жасау; — Балалар мен жастардың, ата-аналардың бос уақытын ұйымдастыру үшін тұрғылықты мекен жайы бойынша салауатты өмір салты жексенбілік орталықтарын құру; — Сауықтыру лагерлері мен балаларды еңбекпен уақытша қамтуда тәрбие жұмысын зерттеу бойынша мониторинг және бағалау жүргізу; — Жастар арасында спорт түрлерін дәріптеу үшін спорттық-техникалық клубтар желісін ұлғайту.
Достарыңызбен бөлісу: |