Тақырып 14. Халықаралық маркетинг Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта халықаралық маркетинг және оны қоршаған орта, олардың маркетинг-микс стратегиялары туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Жоспар Халықаралық маркетингтің ерекшеліктері және оны қоршаған орта
Шетел нарықтарына шығу стратегиялары
Халықаралық маркетингтегі маркетинг-микс стратегиясы
Халықаралық маркетингтің мәдени және этикалық мәселелері
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар 1. Ұлттық стильде сырт киім тігетін фирма басқа ел нарығына енуді жоспарлауда. Сол ел үшін нарық мүмкіндігін бағалаңыз.
а) натуралды шаруашылық типіндегі экономикасы бар ел;
э) шикізатты экспорттаушы елдер;
б) өнеркәсіптік дамушы елдер;
в) өнеркәсіптік дамыған елдер;
г) экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер.
Қазақстанда біріккен кәсіпорын құру үшін шетелдік капитал көбінде ауыр және технологиялық тауарлар өндіруге емес, тұтынушы тауарларын өндіруге және сатуға бағыттаәлады. Неліктен?
Қазақстан нарығында «Coca-Cola» компаниясының мүмкіндіктері мен болашағын бағалаңыз. Неліктен компания республика аумағында бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім кабылдады?
Қазақстан нарығындағы төмендегі фирмалардың маркетингтік кешенін бағалаңыз: «Nestle», «Coca-Cola», «Филлип Моррис» компанияларының тауар және коммуникациялық саясаттарының ерекшеліктерін атаңыз.
Келесі тауарлар бойынша сыртқы нарықка бейімделу стратегиясының қайсысын қолдануға болады?
жеміс шырыны;
тұрмыстық электр кұралдары,
тігін машинасы;
компьютер;
жихаздар;
маталар.
6. Төмендегі мысалдарға халықаралық маркетинг ұйымдастырудың қандай түрін ұсынуға болады?
пластмасса ойыншыктар өндіретін шағын фирма;
ірі автогигант;
тез дайындалатын жартылай фабрикат өндіретін орташа фирмалар.