Тақырып 15. Қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі
Сабақтың мақсаты: Бұл тақырыпта қызметтер және бейкоммерциялық әрекеттің маркетингі туралы студенттерге толық түсініктеме беру қарастырылады.
Жоспар
Қызмет көрсету маркетингінің ерекшеліктері
Коммерциялық емес іс-әрекеттегі маркетингтің мәні
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар
Қызмет көрсетулерді топтарға бөліңіздер: тоңазыткыштарды жалға беру, кілем тазалау, баспа машиналарын жендеу, машиналарды жуу, шаштараздық қызмет, аяқ киімжөндеу, бөлмелерді жалға беру, инженерлік консалтинг, автомобильді жөндеу, туризм, байланыс, тіс емдеу.
Алматы қаласында жаңадан ашылған туристік фирма үшін әр түрлі ақпарат құралдарын қолдану графигін және жарнамалық науқанның жобасын жасаңыз.
Тұлға (өзіңіздін) іс-әрекетінің бағдарламасын, қысқаша анықтамасын және қолдау хатын дайындаңыздар. Кадр бөлімі өкілімен сұқбаттасуга дейін, дәл сол кезде және оданкейін істейтін шаралар жоспарын жасаңыздар.
4. Мына фирмалар үшін қызмет көрету стандартын жасаңыз:
туристік фирма;
аудармашыларды дайындайтын курстар;
техникалық қызмет көрсету станциясы;
автокөліктерді жуу.
5. Сұранысқа әсер ететін факторларды атаңыз және төмендегілер үшін тұтынушылардың мінез-қүлық моделін кұрыңыз:
а)тарихи мұражай;
ә) сақтандыру компаниясы;
б)шаштараз;
в)санаторий;
г)кафе.
Банктегі маркетинг бөлімінің басқарушысының атынан өнім сапасы туралы анықтама қағазын дайындаңыздар.Анықтамада өнім құрылымы, сапасы, бәсекеге түсу мүмкіндігі туралы жалпы ақпарат болуы қажет.
Төмендегілер үшін сегменттеудің қағидалары мен критериилерін анықтаңыздар:
«ТұранӘлем» банкі;
Туристік фирма;
Мейманхана.
Негізгі тұтынушылардың бейінін жасап, мақсатты нарыққа сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |