Идеал газ заңдарын қарастырғанда біз идеал газ молекулаларының сызықтық өлшемдері ескерусіз және молекулалары бір-бірімен өзара әсерлеспейді деп қарастырдық.
1.Идеал газ заңдары – жуықталған заңдар. Олардың ауытқуларында сандық та, сапалық сипаттары бар. Менделеев-Клапейрон теңдеуі PV=RT нақты газдар үшін тек жуықталып қана орындалады. Сапалық ауытқуларға келсек, оның сипаты тереңірек жатыр. Нақты газдарды сұйық және қатты күйлерге өткізуге болады. Ал егер газдар Менделеев-Клапейрон теңдеуіне қатаң бағынатын болса, онда бұл мүмкін болмаған болар еді.
2. 2. Алыс қашықтықтарда молекулалық күштер тартылыс күштері болып табылады. Бұл тартылыс күштерін нақты газдардың молекулалық теориясының негізін қалаған голланд ғалымының есімімен Ван-дер-Ваальс (1837-1923) күштері деп атайды. Тұтастай алғанда электр бейтерап болатын, элементар зарядтардан түзілген бұл күрделі бөлшектердің арасында тартылыс күштері қалай пайда болуы мүмкін? Мұны түсіну үшін екі жағдайға назар аудару керек. Біріншіден қарама-қарсы зарядтар бөлшек ішінде бір нүктеде жинақталмаған. Осының арқасында олардың сыртқы өрісі өшпейді – кез келген атом немесе молекуланың төңірегінде қашықтық артқан кезде жеткілікті тез өшетін электр өрісі болады. Екіншіден сыртқы өрістің әсерінен молекула ішіндегі зарядтардың орны немесе қозғалысы оң зарядтар өріс бағытында, ал теріс зарядтар – қарсы бағытта ығысатындай болып, сәл-дәл өзгереді. Бұл құбылыс электр поляризация деп аталады. Енді бір-бірінен өте азғантай қашықтықта орналасқан 1 және 2 күрделі бейтерап бөлшектерді қарастырайық: әлі де болса, бірінші бөлшектің екінші бөлшектіңтұрған жерінде тудыратын өрісінің мәні назар аударалықтай болсын. Осы әсерінен өрістің әсерінен 2 бөлшек полярланады,сөйтіп оның бірінші бөлшек тұрған жеріндегі электр өрісі күшееді. өрістің әсерінен бірінші бөлшек те полярланады, бұл да өрістің күшеюіне әкеп тірейді және т.с.с. Осылардың нәтижесінде бөлшектер бір-біріне қарама-қарсы зарядталған бүйірлерімен бұрылып тұратын болады. Олар бір-біріне қарама-қарсы полюстерімен қарап тұрған магниттер тәрізді тартылатын болады. Қарастырылған күштер дисперсиялық күштер дисперсиялық күштер деп аталады