1.3.2. Есеп шығару үлгілері
Атомдағы электрондардың күйлері
Атомда бас кванттық саны n = 4 электрон қанша әр түрлі күйге ие бола алады?
Шешімі: n = 4 болғанда орбиталық кванттық сан l = 0, 1, 2, 3 мәндерін қабылдай алады. l = 0 болғанда me магниттік кванттық саны тек 0-ге тең болады, сондықтан және магниттік спиндік кванттық санға сәйкес келетін тек екі рұқсат етілген күй болады.
l = 1 болғанда me магниттік кванттық саны 1, 0, -1 мәндерін қабылдай алады, бұл әр түрлі үш күйді береді; бұлардың әрқайсында mS магниттік спиндік кванттық сан немесе бола алады. Сондықтан l = 1 болғанда электрон 2·3 = 6 әр түрлі күйлерде бола алады.
l = 2 болғанда me = 2, 1, 0, -1, -2 мәндерін қабылдай алады, ал ms=+1/2, -1/2 болуы мүмкін болатындықтан, тағы 10 рұқсат етілген күйлер алынады. l = 3 болғанда me=3, 2, 1, 0, -1, -2, -3 мәндерін қабылдай алады. Сондықтан ms=+1/2, -1/2 мәндеріне сәйкес келетін 14 рұқсат етілген күй болады.
Сонымен, n = 4 болғанда әр түрлі күйлердің жалпы саны:
2+6+10+14=32.
Толған электрондық қабатқа n = 3 бас кванттық саны сәйкес келеді. Осы қабаттағы кванттық сандары а) ; ә) me=0;
б) me=-1, бірдей болатын электрон санын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |