Қарапайым Зееман эффекті жағдайында спектрлік сызық магнит өрісінде үш құраушыға жіктеледі. Қарапайым эффект нәзік түзілісі жоқ спектрлік сызықтарға тән. Осындай сызықтар синглеттік деңгейлер (S = 0, J = 1, mJ = mL, g = 1) арасындағы кванттық ауысулардан пайда болады. Сондықтан (1.4.12) формула
(1.4.13)
түріне келеді, мұндағы , яғни шынында үш құраушы пайда болады, бұлардың зеемандық ығысуы:
. (1.4.14)
Күрделі Зееман эффекті жағдайында магнит өрісіне орналастырылған жарық көзінен шығарылатын спектрлік сызық үштен артық құраушыларға жіктеледі. Бұл (1.4.10) өрнегінен көрініп тұрғандай, деңгейлердің өздерінің жіктелуінің g Ланде көбейткішіне тәуелділігіне байланысты, яғни ақыр аяғында электронның спині және оның екі еселенген магнетизмі болуымен байланысты.
Күрделі Зееман эффекті спектрлік сызықтардың зеемандық жіктелуі нәзік түзіліс құраушылары аралығымен салыстырғанда кіші болатын әлсіз магнит өрісінде байқалады.
Берілген спектрлік сызық әлсіз магнит өрісінде қандай Зееман эффектісіне (қарапайым, әлде күрделі) душар болатынына бірден жауап беру әрқашан мүмкін бола бермейді. Мысалы, а) 2D5/22P3/2; ә) 5I55H4 ауысуларында пайда болатын сызықтарды алайық. Бәрінен бұрын кванттық ауысу болатын күйлерде g Ланде факторы бірдей бола ма, әлде болмай ма, соны тексеру керек. Бұған (1.4.8) көмегімен көз жеткізуге болады. Сонда а) g1g2, сондықтан Зееман эффекті күрделі; ә) g1 = g2, демек, Зееман эффекті қарапайым болады екен.
Достарыңызбен бөлісу: |