1.4.2. Есеп шығару үлгілер
Атомның магниттік моменті
1. Негізгі күйде тұрған H, He, Lі, Ne және Na атомдарының Б Бор магнетоны бірлігінде магниттік моменттерін анықтаңыз.
Шешімі: Атомдағы электрондардың бұрыштық моменттері (импульс моменттері) арасында LS-байланысы іске асады деп ұйғарамыз. LS-байланысы жағдайында
мұндағы – жеке электронның орбиталық және спиндік моментері, атомның орбиталық, спиндік және толық импульс моменттері. Атомның магниттік моментінің шамасы g Ланде көбейткіші арқылы толық импульс моментпен байланысқан (бір электронды жағдайдағы сияқты). Толық импульс моментінің модулі мынаған тең:
.
J – кванттық сан, ол мына мәндерді қабылдайды: J = L + S, L + S-1,...L-S.
Сонымен, атомның магниттік моменті
(1)
формуласымен анықталады, мұндағы Б – Бор магнетоны, g – Ланде көбейткіші.
. (2)
He үшін есептегенде оның К-қабаты, Na үшін оның L-қабаты толған, сондықтан бұлардың моменттері нөлге тең болатынын ескеру керек.
(1) және (2) формулалары бойынша есептеу нәтижелері:
Достарыңызбен бөлісу: |