Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады


«Атомның магниттік қасиеттері» тақырыбы бойын­ша бақылау жұмыстары үшін есептер



бет50/66
Дата09.03.2022
өлшемі2,08 Mb.
#134766
түріПрактикум
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
treatise136775

1.4.4. «Атомның магниттік қасиеттері» тақырыбы бойын­ша бақылау жұмыстары үшін есептер


І
1. 3P1-күйдегі атомның магниттік моментін анықтаңыз.
2. 1D2-күйдегі атомның В = 1Тл магнит өрісінде қабылдайтын қосымша энергиясының ең үлкен шамасын анықтаңыз.
3. Атом индукциясы В = 1Тл магнит өрісінде тұр. 1P11S0 кванттық ауысуы үшін көрші зеемандық құраушыларының Δω аралығын табыңыз.
ІІ
1. 3S1-күйдегі атомның магниттік моментін анықтаңыз.
2. Атом индукциясы В = 1Тл магнит өрісінде тұр. 2D5/2 термнің толық жіктелуін анықтаңыз.
3. Натрийдың сары дублеті үшін (2P3/2,1/22S1/2 ауысулары нәтижесінде толқын ұзындықтары λ1 = 590,0 нм және λ2 = 590,6 нм сызықтар пайда болады) магнит өрісі әлсіз деп санауға болатын В0 индукцияның шектік шамасын бағалаңыз.


ІІІ
1. 3D2-күйдегі атомның магниттік моментін және сыртқы магнит өрісі бағытына оның проекциясының мүмкін мәндерін анықтаңыз.
2. 2D3/22P3/2 спектрлік сызығының әлсіз магнит өрісіндегі мүмкін болатын ауысулар сызбасын кескіндеңіз және зеемандық құраушыларының ығысуларын есептеңіз ( бірлігінде).
3. Хунд ережелері көмегімен толмаған қабығында бес р-элек­трон бар атомның негізгі күйінің магниттік моментін есептеңіз.


IV

  1. а)1P11S0; ә) 1D21F3; б)2P1/22S1/2; в) 2P3/22S1/2;
    г) 3D13P0 ауысуларына сәйкес келетін спектрлік сызықтар әлсіз магнит өрісінде жіктелгенде Зееманның қандай эффекті (қара­пайым әлде күрделі) байқалады?

  2. Хунд ережелері көмегімен толмаған қабығында үш d-элек­трон бар атомның негізгі күйінің магниттік моментін есептеңіз.

  3. Атом индукциясы В = 0,3Тл магнит өрісінде тұр. Толық жіктелу шамасы ΔE = 104 мкэВ болатын синглет термнің спектрлік белгіленуін анықтаңыз.



V

  1. 4D1/2-күйдегі атомның магниттік моментін анықтаңыз.

  2. Атом индукциясы В = 0,3 Тл магнит өрісінде тұр.1D термнің толық жіктелуін анықтаңыз (эВ-та).

  3. Цезий-сілтілік металл. P→S ауысуы кезінде цезий атомы λ1 = 455,5 нм және λ2 = 459,3 нм екі сызықтан тұратын дублет сәуле шығарады. Осы дублет термдерінің магнит өрісінде жіктелу көрінісін сызыңыз. Осы жағдайда индукциясы В = 3Тл магнит өрісінде сызықтардың жіктелуі қандай формулалармен кескін­деледі (қарапайым әлде күрделі Зееман эффекті формуласымен).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет