Франк-Кондон принципі. Электрондық ауысудың өте тез өтетіндігі соншалықты, ауысу уақыты ішінде молекула өзінің геометриясын елерліктей өзгертіп үлгермейді.
Спектрдегі бір электрондық ауысуына жататын (байқалатын) жолақтарды Деландр кестесі түрінде көрсетуге болады. Кестедегі әрбір клетка тиісті электрондық-тербеліс ауысуының толқындық сан мәнімен толтырылады. Деландр кестесін құрастыру, шын мәнінде, электрондық ауысудың байқалатын тербеліс жолақтарының канттары нақты қандай υ’-υ” ауысуға жататындығын анықтауға саяды.
Деландр кестесі бойынша негізгі және қоздырылған электрондық күйлер үшін және мәндерін және νэл=Te’-Te” электрондық қоздыру шамасын оңай есептеп табуға болады.
және мәндерін анықтау үшін алдымен горизонталь және вертикаль бағыттарда көрші клеткалардағы сандардың бірінші айырымдарын табады. Осы айырымдар
(1.5.19)
шамасына сәйкес келеді.
Егер екінші айырымдар есептелсе, онда олар екі еселенген ангармоникалық тұрақтыға сәйкес келеді:
, (1.5.20)
яғни барлық есептеулер тербеліс спектрлерінен және мәндерін анықтауға ұқсас жүргізіледі.