Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет7/40
Дата08.02.2022
өлшемі119,54 Kb.
#119540
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
Байланысты:
дәріс Жасерекшелік психологиясы (1)

Әдебиеттер тізімі:
1. Бюлер К. Духовное развитие ребенка - М., 1924
2. Бюлер Ш. Диагностика нервно-психического развития детей раннего возраста М.,1935
3. Гезелл А. Умственное развитие ребенка - М., 1977
4. Гросс К. Душевная жизнь ребенка- М., 1916
5. Заззо Р. Стадии психического развития ребенка - М., 1968
6. Пиаже Ж. Избранные психологические груды - М., 1994
7. Обухова Л. Ф. Концепция Жана Пиаже: за и против -М., 1981
8. Селли Дж. Очерки по психологии детства - М., 1904
9. Фрейд 3. Введение в психоанализ. Лекции - М., 1989
Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді.
Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. Оларды екі үлкен бағытқа бөлуге болады- биологизаторлық және социологизаторлық. Биологизаторлық бағытта адамды табиғаттан белгілі бір қабілеттерін, мінез қырларын, мінез-құлық формасы берілетін биологиялық тіршілік иесі деп қарастырады. Тұқымқуалаушылық оның барлық дамуын- оның темпін, тез немесе ақырын, оның шегін – дарындылығын анықтайды.
Биологизаторлық бағытта рекапитуляция теориясы пайда болды. Оның негізгі идеясы эмбриологиямен байланысты. Эмбрион ( адам ұрығы) өзінің ішкі дамуында адамға дейінгі организмнің дамуын қайталайды. Айлық ұрықта омыртқалылар типінің өкілін көруге болады-оның басы және құйрығы болады; екі айда адам түріне келе бастайды, оның құйрығы қысқарып, саусақтар шыға бастайды; 4 айдың соңында эмбрионда адамның беті пайда болады.
ХІХ ғ Э.Геккел. онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген,- заң қалыптастырды
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәдени-тарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХҮІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Биологиялық факторға тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темперамент және қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие- флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал. Екінші фактор- орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту процесінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л.С.Выготский енгізген.
Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л.С.Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С.Л.Рубинштейн Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.
Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі- берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі- жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.
Л.С.Выготский тұқымқулаушы және әлеуметтік мезеттердің даму процесінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар- адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Биологиялық факторға алдымен тұқым қуалау жатады. Бала нені тұқым қуалайды? Ол өз ата-анасынан жүйке жүйесін, бас миын, сезім органдарын, тірек-қимыл аппаратын, сөйлеуді, яғни адамға тән анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ нышандар деп аталатын адамның табиғи қасиеттері (гені арқылы) арқылы қабілеттің дамуын қайталайды. Мәселен, өлеңге, өнерге, биге, математикаға т.б. қабілеттер. Сондай-ақ, гендерде ауытқушылықтың болуынан әр түрлі ауру белгілерді де тұқым қуалайды. Мәселен, дальтонизм, қанның ұйымаюы, әр түрлі психикалық аурулар және анасының ұрпақ көтеру кезінде көңіл күйінің төмендеуі, әр түрлі дәрілерді пайдалануы да, нәрестенің жүйке жүйесіне әсер етіп, психикалық дамуын тежейді.
Биологиялық фактор маңызды. Биологиялық фактор нәтижесінде бала адамға тән барлық органдар мен олардың ерекшеліктерін алады. Бірақ та бұл оның психикасының дамуына ешқандай әсері жоқ. Адам болып туу жеткіліксіз. Адамның тұлға болып, оның психикасының дамуы, адамгершілік сапаларының, ішкі жан дүниесінің қалыптасуы үшін белгілі бір әлеуметтік орта керек. Әлеуметтік орта нәтижесінде баланың биологиялық даму ерекшеліктері өзгеріске түседі.
Бала психикасының дамуына әсер ететін басты шарт – адамның ортасында өмір сүруі. Адамдармен қарым-қатынасы нәтижесінде баланың мінез-құлқы, адамгершілік сапалары, сөйлеуі қалыптасады. Бала психикасының дамуына микроорта (жанұя, жолдастары, топ,ұжым) және макроорта (әлеуметтік орта, әлеуметтік хабарландыру, қоғам) әсер етеді.
Кеңес психологтары, бала психикасының дамуындағы биологиялық және әлеуметтік факторлардың маңызына тоқтала отырып, жеке адамның дамуында адам белсенділігінің маңызына тоқталады.
Орыс психологы Надежда Николаевна Ладыгина-Котс «Шимпанзенің жас баласы мен адамның жас баласы» деген еңбегінде маймылдың дамуын адамның дамуымен салыстырады. Маймыл баласы адамдар ортасында тәрбиеленгенменде, адамға тән белгілерді меңгере алмаған. Мәселен, тік жүру, сөйлеу, заттармен байланыс т.б.
ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Сингх жануарлар ортасында өмір сүрген балаларды (Амала және Камала деген) зерттеу арқылы, әлеуметтік ортаның маңыздылығына тоқталады.
Маймыл мінез-құлқы-оның миында орныққан, тұқым қуалаған. Ал адамның мінез-құлқы, психикалық қасиеттері баланың миында жоқ. Адамда өмір сүру мен тәрбие жағдайларына байланысты үйрену мүмкіндігі бар. Бұдан жануарлар миының қалыптасу процесі туған кезге дейін аяқталады. Ал адамдарда туғаннан кейін жалғасып, бала дамуының жағдайына байланысты, түрлі өзгерістерден өтіп, дамиды.
Сонымен, тұқымқаулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі-бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму процесінде өзгерістерге ұшырайды.
Даму процесі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай? Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп өрсетті.

  1. Циклділік

  2. Дамудың бірқалыпты еместігі

  3. Бала дамуындағы метаморфоздар

  4. Бала дамуындағы эволюция және инволюция процестерінің байланысы.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене оырып жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең- нәресте жас кезеңі . Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады. Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең
. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
8-ден 11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас - жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде балада психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды. 16-17 жас жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет