в) Тұз гидролизінің дәрежесіне ерітіндінің сұйылуының әсері. Сынауыққа 2-3 тамшы сүрме (ІІІ) хлориді ерітіндісін құйыңдар және оксосүрме хлоридінің SbOCl ақ тұнбасы түзілгенге дейін тамшылатып су қосыңдар. Бұл тұнба гидролиздің екінші сатысында Sb(OH)2Cl-дан суды бөліп алу салдарынан түзіледі.
Сүрме (ІІІ) хлориді гидролизінің бірінші және екінші сатысындағы молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар және оның гидролизінің Sb(OH)2Cl түзілгенге дейінгі жалпы теңдеулерін жазыңдар. Сүрме (ІІІ) хлориді бірінші сатысының гидролиз константасын анықтаудың формуласын көрсетіңдер. Гидролиз дәрежесіне ерітіндінің еруінің әсерін осы константа көмегімен анықтаңдар. Қай реактивті қосуымен сүрме хлоридінің гидролиз дәрежесін төмендетуге болады. Өздеріңнің қорытындыларыңды тәжірибемен тексеріңдер.
Тұздардың гидролиз дәрежесіне сұйылтудың әсері туралы ортақ қорытынды жасаңдар. Қандай тұздардың гидролиз дәрежесі ерітіндіні сұйылтқан кезде өзгермейді?