б) Гидролиз дәрежесіне температураның әсері. Сынауыққа 7-8 мл дистилденген су құйыңдар және оған натрий ацетаты кристалын салыңдар. Тұздың гидролизінің молекулалық, иондық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Натрий ацетаты ерітіндісі қандай рН мәнін көрсету керек: 7-ден кіші немесе жоғары ма?
Тұз ерітіндісі бар сынауыққа бір тамшы фенолфталеин тамызыңдар және қайнағанға дейін қыздырылған сулы жылытқышқа сынауықты батырыңдар.
Қыздырғанда фенолфталеин түсінің өзгеруін негізге ала отырып ОН- иондары концентрациясының өзгеруі туралы қандай қорытынды жасауға болады? Гидролиз тепе-теңдігі қай бағытқа ығысады? Сынауықты суық суда суытыңдар. Гидролиз тепе-теңдігінің ығысуы тағы да байқала ма?
Тұз гидролизі дәрежесіне температураның әсері туралы қорытынды жасаңдар. Бұл құбылыстың себебін түсіндіріңдер.