б) Сынап (ІІ) кешенді анионының түзілуі. 1-2 мл Hg(NO3)2 ерітіндісіне тұнба пайда болғанша сұйытылған КІ ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаның жартысын алып, оған тағы да КІ ерітіндісінің артық мөлшерін қосып, тұнбаның еруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Кешенді қосылыстардың өздері жақсы еритін болса да, кешен түзу реакциясы неліктен ерімейтін заттарда (AgСІ, НgІ2) жүреді? Тұрақсыздық константасының формуласын жазып, олардың мәнін анықтамадан тауып, ЕТ(AgСІ) және ЕТ(НgІ2) салыстырыңдар.
3. Ерітінді концентрациясының кешен түзуге әсері
Сынауықтағы СоСІ2 қаныққан ерітіндісінің бірнеше тамшысына KCNS қаныққан ерітіндісін қосыңдар да, кешенді тұз түзілуінің салдарынан ерітіндінің көгергендігін байқаңдар.
Ерітіндіні араластырып екі сынауыққа бөліп алыңдар. Біреуін салыстыруға қалдырып, екінші ерітіндіге түсі өзгергенше жаймен дистилденген су құйыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Тұрақтылық константасы немесе тұрақсыздық константасының теңдеуін жазып, олардың мәнін кестеден табыңдар. Осы қосылыста кобальттың координациялық саны нешеге тең? Бұл кешен түзілу барысында гибридтенудің қандай түрі жүзеге асады және ол кеңістіктегі қандай конфигурацияға сәйкес келеді?
Достарыңызбен бөлісу: |