а) Күміс аммиакатының түзілуі. Сынауыққа 1-2 мл AgNO3 ерітіндісін және 1-2 мл НСІ құйыңдар. Күміс хлоридінің ақ тұнбасының түзілуін байқаңдар. Тұнбаға аммиак ерітіндісін құйыңдар да, алынған мөлдір ерітіндіге қышқылдық орта болғанша азот қышқылын қосыңдар. Не байқалады? Тұнбаның түзілу реакция теңдеуін, оның аммиакта еруін және аммиакты кешеннің азот қышқылымен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |