3. Йодтың металдармен әрекеттесуі (тәжірибені оқытушы көрсетеді).
Берілген тәжірибеде өршіткі ролін атқаратын судың қатысында йодтың алюминий немесе мырышпен әрекеттесуін байқайсыңдар.
№ 36 жұмыс. Галогендердің белсенділігін салыстыру (бір галогеннің екіншісімен ығыстырылуы)
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, натрий немесе калий бромиді, хлор суы, бензол, бром суы.
|
1. Калий немесе натрий бромидінің түссіз ерітіндісіне хлор суын құясыңдар. Сары түс бос бромның түзілгендігінің белгісі. (Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар). Оған көз жеткізу үшін сол сынауыққа аздап бензол құйып, бос ерітіндіден бромды экстракциялау қажет. Сілкілеп, жоғарыда түзілетін бензол сақинасының түсін байқаңдар. Сумен салыстырғанда бромның бензолда жақсы ерігіштігі немен түсіндіріледі? Бромид ион осылайша анықталады.
2. Тура осылай калий иодидінің ерітіндісімен де жасаңдар. (Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар). Йодид ионы осылайша анықталады.
3. Осылайша калий йодидінің ерітіндісімен жасаңдар, бірақ хлор суының орнына бром суын алыңдар. Химиялық реакция теңдеуін жазыңдар. Берілген тәжірибе негізінде галогендерді белсенділігінің төмендеу ретімен орналастырыңдар.
№ 37 жұмыс. Галогендердің сумен әрекеттесуі
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |