Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Азот қышқылы тұздарының термолизі (тартқыш шкафта жасаңдар!)



бет150/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

3. Азот қышқылы тұздарының термолизі (тартқыш шкафта жасаңдар!).
а) Алдыңғы тәжірибеде термиялық ыдырауға Рb(NO3)2 тұзы алынған еді. Енді термиялық ыдыратуға калий нитратын (калий селитрасын) КNO3 алыңдар. Ол үшін тұрғыға тігінен құрғақ сынауықты бекітіп, оған шамамен 0,5 г селитра салып, тұз балқығанша жанарғы жалынында қыздырыңдар. Қысқышпен кішкене көмір түйірін (0,2-0,3 г) жанарғы жалынында қызыл түске дейін қыздырып, оны балқыған селитраның үстіне салыңдар. Көмірдің белсенді жануын түсіндіріңдер. Көмір түйірі жанып болғанан кейін сынауыққа күкірттің бірнеше кішкене түйіршігін салыңдар. Күкірттің үлкен түйіршігін салуға болмайды, себебі сынауық балқып кетуі мүмкін.
б) (Топ болып жасалатын жұмыс). Сынауыққа күміс нитратының бірнеше кристалын салып, оны тігінен тұрғыға бекітіп, жаймен жанарғының жалынында тұз толық ыдырағанша қыздырыңдар. Қандай газдар бөлінеді? Сынауықта не қалады? Сынауықтың ішіндегі затымен лаборантқа тапсырыңдар. Қыздыруға қатынасы бойынша азот қышқылының тұздарын қандай топтарға бөлуге болады?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет