Көміртек (ІV) оксидінің қасиеттері
1. Екі құрғақ банканы Кипп қондырғысынан алынған көмір қышқыл газымен толтырыңдар да, оның біреуіне бір қасық ауада жағылған қызыл фосфор салыңдар. Не байқалады? Екінші банкаға магнийді жағып, салыңдар. Не байқадыңдар? Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Сынауықтың жартысына дейін су толтырып көк лакмус ерітіндісін қосып, оған көмір қышқыл газын жіберіңдер. Не байқалады? Көміртек диоксиді ерітіндісіндегі қайтымды реакция теңдеуін жазыңдар. Лакумус түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |