БОР
№ 63 жұмыс. Бор алу және оның қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, Na2B4O7 .10H2O (бура), тұз қышқылы (конц), сүзуге арналған құралдар.
|
1. 5 г бураны өлшеп алып, сынауыққа салып, 10 мл сумен ылғалдаңдар. Ерітінді реакциясының лакмусқа әсері қандай және ол неге негізделген? Бураның гидролиздену реакциясын молекулалық және иондық түрде жазыңдар. Бураның гидролизін қалай күшейтуге болады?
2. Сынауықты бура толық ерігенше қыздырыңдар. Бураның ыстық ерітіндісіне 1-2 мл тұз қышқылын (конц.) құйыңдар. Ерітіндіні баяу суытыңдар. Не байқалады? Қандай зат кристалданады? Кристалдарды Бюхнер құйғысында сүзіп алып, бураның тұз қышқылымен су қатысында әрекеттесу реакцияларын жазыңдар.
№ 64 жұмыс. Бор қышқылы және оның қасиеттері
Достарыңызбен бөлісу: |