2. Борметилді эфир алу. Оның жалынының түсі.
1-нұсқа. Кәрлен табақшаға 1-2 г бор қышқылын алып, оған 10-20 мл метил спиртін қосып, тартқыш шкафтың астына әкеліп, жағып көріңдер. Жалынның түсін жазып алыңдар. Борметил эфирінің түзілу және жану реакцияларын жазыңдар.
1-ші ескерту: метил спиртінің орнына этил спиртін, ал бор қышқылының орнына концентрлі күкірт қышқылының бурамен қоспасын алуға болады.
2-нұсқа. Кәрлен табақшаға бураның 3-4 кристалын салып, оған 2-3 тамшы тығыздығы 1,84 г/см3 концентрлі күкірт қышқылын және 5-6 тамшы метил спиртін тамызыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырып, бөлінген борметил эфирін жағып көріңдер. Метил спиртінің бор қышқылымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін бор қышқылы және борметил эфирінің реакция теңдеулерін жазыңдар. Осы реакциядағы концентрлі күкірт қышқылының ролін көрсетіңдер.
3-нұсқа. Бұл реакцияны метил спиртін үшатомды спирт-глицеринмен алмастырып орындауға болады. Платина сымының құлақшасымен бор қышқылының бірнеше кристалдарын алып, оларды концентрлі күкірт қышқылының және глицериннің бір тамшысымен ылғалдап, жалынға жанастырыңдар. Жалынның түсінің жасыл болғанын көресіңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |