Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет145/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

3.Аммоний тұздарының түзілуі. Газ шығатын түтіктің ұшына (алдыңғы тәжірибені қараңдар) концентірлі тұз қышқылына батырылған шыны таяқшаны әкеліңдер де, оның шетінде ақ түсті жұқа қабаттың түзілгенін түсіндіріңдер. Ақ түсті жұқа қабатты шыны таяқшадан конус тәрізді құтыға жинап алып, оған 2-3 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Ерітіндінің иісін анықтап, құтыға жақындатылған ылғалданған қызыл лакмус қағазының түсінің өзгергенін байқаңдар. Аммоний ионын қалай анықтауға болады?
4.Тұздар қоспасынан аммоний тұздарын аластау. NH4Cl, NaCl, KCl тұздарының ерітінділерінің әрқайсысынан 10 мл-ден алып араластырыңдар. Қоспадағы аммоний ионын анықтаңдар. Ол үшін сынауыққа 3 тамшы ерітінділер қоспасын алып, оған 2 тамшы сілті ерітіндісін қосып, сынауықтың үстіне дымқыл қызыл лакмус қағазын қойып, су жылытқысында қыздырыңдар. Лакмус қағазының көгеруі аммоний тұзының бар екендігін көрсетеді. Аммоний тұзын аластау үшін 10 тамшы тұздар қоспасының ерітіндісін тартқыш шкафта отбақырашқа құйыңдар да, оны кәрлен үшбұрышына бекітіп, ерітіндіні құрғағанша суалтыңдар. Отбақыраштағы қалдықты алғашқыда бәсеңдеу, сонан кейін ақ түтіннің бөлінуі толық біткенше қыздырыңдар. Ақ түтіннің бөлінуі тоқтағаннан кейін отбақырашты суытып, құрғақ қалдықты 6 тамшы суға ерітіп, аммоний тұздарының толық жойылғанына көз жеткізіңдер. Аммоний тұздарының толық жойылғанын Несслер реактивімен (К2[НgJ4] және КОН қоспасы) тексеруге болады. Ол үшін кәрлен пластинкаға зерттелетін ерітіндінің бір тамшысын тамызып, оған 3 тамшы Несслер реактивін қосыңдар. NH4+ ионы бар болса қызыл-қоңыр тұнба түзіледі немесе ерітінді сары-қоңыр түске (NH4+аз мөлшерде болса) боялады.
Егер амоний тұздары толық аласталынбаса тұздар ерітіндісін қайтадан буландырып, қалдықты қайта қыздыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет