6.Аммоний нитратының ыдырауы. Отбақыраштың қақпағына аммоний нитратын салып, жаймен қыздырыңдар (тартқыш шкафта). Реакция теңдеуін жазыңдар.
7.Аммоний фосфатының ыдырауы. Отбақыраштың қақпағына фосфор қышқылының аммоний тұзының біреуінің кристалын салып, қыздырыңдар. Қандай зат отбақыраштың қақпағында қалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Аммоний тұздарын қыздырған кезде әртүрлі ыдырайтындығы неліктен?
Гидразин мен гидроксиламиннің қасиеттері
8.Гидразиннің қасиеттері. Екі сынауыққа да 5 мл су құйып, оларға күкірт қышқылды гидразиннің бірнеше кристалын салыңдар. Сынауықтың біреуіне бірнеше тамшы йод суын қосып, не байқалатынын көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар? Екінші сынауыққа хлорлы мыстың ертіндісін қосып, не байқалатынын көріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар. Азот атомы гидразинде қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
9.Гидроксиламиннің қасиеттері. Тұз қышқылды гидроксиламиннің бірнеше кристалын 4-5 мл суда ерітіңдер. Оған бірнеше тамшы йод суын құйғанда не болады? Осы реакция гидроксиламиннің қандай қасиетін көрсетеді? Гидроксиламинде азоттың тотығу дәрежесі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар.
№ 52 жұмыс. Азот оксидтері
Достарыңызбен бөлісу: |