Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, күшән (ІІІ) оксиді, лакмус ерітіндісі, натрий гидроксиді ерітіндісі, тұз қышқылы, сүрме (ІІІ) хлориді, натрий карбонаты ерітінділері, шарап қышқылы, висмут (ІІІ) хлоридінің, күміс нитратының ерітінділері, йод суы.
|
1. Күшән (ІІІ) оксиді және гидроксидінің қасиеттері. Сынауыққа 2-3 мл су құйып, күшән (ІІІ) оксидін (0,1 г) қосыңдар да, қыздырыңдар. Оксид толық ериді ме? Ерітіндіні лакмус қағазымен тексеріңдер. Сынауықтағы ерітіндіні екі бөлікке бөліңдер. Біріншісіне натрий гидроксидін, ал екіншісіне тұз қышқылын қосыңдар. Суықтай және қыздырғанда не байқалады? Ерітіндіде қандай заттар болады? Күшән оксидінің сулы ертіндісінде қандай иондар болады?
Достарыңызбен бөлісу: |