Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Күшән топшасы элементтерінің сутекті қосылыстары



бет160/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Күшән топшасы элементтерінің сутекті қосылыстары.

Ескерту: Күшәннің қосылыстары тіпті өте аз мөлшерде де өте улы. Ерітінді қалдықтарын арнайы ыдыстарға құйып, лаборантқа тапсырыңдар. Жұмысты жасап болғаннан кейін қолдарыңды және қолданған ыдыстарыңды мұқият жуыңдар.

57 жұмыс. Арсин алу және оның термиялық диссоциациясы (Марш реакциясы бойынша күшәнді ашу)


(Тәжірибе топ болып, тартқыш шкафта жүргізіледі).



Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: Вюрц құтысы, мырыш түйіршіктері, 20% тұз қышқылы, отбақыраштың қақпағы, күшән қосылыстары, натрий гипохлориты немесе хлорлы әк ерітіндісі.

45-суретте көрсетілгендей құрылғы жинаңдар. Вюрц құтысына мырыштың бірнеше (20-25) түйіршіктерін салып, 50-60 мл 20% тұз қышқылын құйыңдар. Құрылғыдан ауа сутекпен түгел ығыстырылып шығарылғаннан кейін (сутектің тазалығын сынауықта тексеріңдер), бөлінген сутекті қиын балқитын 2-ші түтіктің саңылауынан жағып көріп, отбақыраштың қақпағын сутек жалынына ұстаңдар. Не байқалады? Жалынның түсі қандай? Қыздырғанда 2-ші түтіктің ортасындағы шыныда жұқа қабат пайда бола ма? Осындай алдын-ала зерттеулер қандай мақсатпен жүргізіледі? Жанып жатқан сутекті өшіріп, құрылғы суығаннан кейін құ-



тыға (1) құйғы (3) арқылы бір немесе екі мл күшәннің бір қосылысын құйыңдар. Бөлінген сутектің тазалығын қайтадан тексеріп, сонан соң оны жағып көріңдер де

45-сурет. Марш реакциясын жүргізуге арналған қондырғы

түтіктің ортаңғы бөлігін қыздырыңдар. Не байқалады?

Жалынның түсіне көңіл бөліңдер? Жалынға отбақыраштың қақпағын ұстаңдар. Сонда не байқалады? Отбақыраштың қақпағында түзілген затты натрий гипохлориті немесе хлор әгінің ертіндісімен өңдеңдер. Не байқалады? Осындай жағдайда сүрме гидриді қандай өзгеріске ұшырар еді? Осы тәжрибеде өтетін барлық реакциялардың теңдеулерін жазып, оларды түсіндіріңдер.
AsH3-ке қандай қасиет тән? AsH3, SbH3, BіH3, PH3, NH3 термиялық тұрақтылықтарын, тотықсыздандырғыш және басқа да қасиеттерін салыстырыңдар.

58 жұмыс. Күшән (ІІІ), сүрме (ІІІ) және висмут (ІІІ) қосылыстары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет