Ортофосфор қышқылының тұздарын алу
және олардың қасиеттері
4. Сынауыққа натрий гидрофосфатының 3-5 тамшысын және сондай мөлшерде магнезиялық қоспаның ертіндісін құйыңдар да, түзілген тұнбаның түсі мен түрін анықтаңдар. Суда нашар еритін магний-аммоний фосфатының МgNH4PО4 түзілу реакциясының теңдеуін жазыңдар.
5. Барий, алюминий және темір ортофосфаттарын алыңдар. Ол үшін үш сынауыққа 5 тамшыдан: біріншісіне-барий хлоридін, екіншісіне-алюминий сульфатын, үшіншісіне-темір (ІІІ) хлоридін құйыңдар. Сынауықтардың әрқайсысына 8-10 тамшы натрий гидрофосфатын Na2HPO4 қосыңдар. Түзілген тұнбалардың түсін белгілеңдер. Әр сынауықтың ішіндегісін екіге бөліп, біреуіне 2 М сірке қышқылын (шыны таяқшамен араластыра отырып, тамшылатып құйыңдар), екіншісіне 2 М тұз қышқылын құйыңдар. Барий, алюминий және темір фосфаттарының алынуы мен еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Ерігіштік көбейтіндісі түсінігін қолдана отырып, еру процесін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |