Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: мөлшері әртүрлі сынауықтар, кәрлен тостағандар, газометр, газ шығаратын түтік, U-тәрізді түтік, ақ фосфор, шымшуыр, нафталин, қызыл фосфор, күкірт көміртек, натрий гидрокорбанаты, 10% мыс сульфаты, 2% күміс нитраты, калий перманганаты.
Ақ фосфор алу. Құрғақ сынауыққа аздап қызыл фосфор салып, оның бетін мақтамен жабыңдар. Сынауықты тұрғыға бекітіп, қызыл фосфор буға айналғанша қыздырыңдар. Фосфор қандай өзгеріске ұшырайды? Фосфордың қараңғыда жарқырауын байқаңдар. Ақ фосфордың қызыл фосфорға және керісінше ауысу жағдайларын көрсетіңдер. Фосфордың басқа да аллотропиялық түрлері бола ма және оларды қалай алуға болады?
№ 54 жұмыс. Фосфор (V) оксиді
Достарыңызбен бөлісу: |