және олардың тұздары
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ақуыздың сулы ерітіндісі, калий метафосфаты, сірке қышқылы, күміс нитраты ерітіндісі, сұйытылған және концентрлі азот қышқылы, 95% ортофосфор қышқылы, қызыл фосфор, натрий ортофосфаты, гидрофосфаты және дигидрофосфаты, магнезиялық қоспа, барий хлориді, алюминий сульфаты, темір (ІІІ) хлориді, 2 М сірке және тұз қышқылдары, кальций хлориді, аммиак ерітінділері, натрий-аммоний гидрофосфат аралас тұздарының кристалдары.
|
Метафосфор қышқылы
1.Метафосфор қышқылы және оның тұздарына реакциялар.
а) Сынауыққа шамамен 1 мл ақуыздың сулы ертіндісін құйып, оған сондай мөлшерде сірке қышқылды ортада калий метафосфатын қосыңдар. Не байқалады?
б) Натрий метафосфатының ертіндісіне бірнеше тамшы күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Түзілген тұнбаның түсіне көңіл аударыңдар. Оны сұйытылған азот қышқылымен тексеріп көріңдер. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |