Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет166/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

сульфидтері, тиотұздары



Қажетті құрал-жабдықтар және реактивтер: натрий арсениті мен арсенаты ерітінділері, аммоний сульфиді және полисульфиді ерітінділері, тұз қышқылы.

1. Күшән (ІІІ, V) сульфидтерін алу. Натрий арсениті мен арсенаты ерітінділеріне күкіртсутек ағынын жіберіңдер (алынған заттың жартысын алдағы тәжірибелерге сақтаңдар). Не байқалады? Сол тұздардың қышқылданған ерітінділерімен тәжірибені қайталаңдар. Бұл жағдайда не байқалады? Реакция теңдеулерін жазып, байқалатын құбылыстарды түсіндіріңдер.
2. Күшән (ІІІ, V) тиотұздарын алу және олардың қасиеттері. Алдыңғы тәжірибеде алынған күшән сульфидтерін сүзіп алып, олардың аммоний сульфиді мен полисульфидінде ерігіштігін тексеріңдер. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тиотұздар ертінділеріне тұз қышқылының артық мөлшерін құйып, қайнатыңдар. Неге қайтадан тұнба түзіледі? Сүрме, висмут сульфидтерін қалай алуға болады? Сүрме, висмут сульфидтері аммоний сульфидінде және полисульфидінде ери ме? Не себептен висмут сульфиді тиотұздар түзбейді?
Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазып, оларды түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет