Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет167/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

16. КӨМІРТЕК

61 жұмыс. Көміртек және оның қосылыстары





Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, құрғақ банкалар, газ өткізетін түтік, мыс (ІІ) оксиді, ағаш көмірі, күкірт қышқылы (d=1,84 г/см3), құмырсқа қышқылы, 2 М натрий гидроксиді, 0,1 М күміс нитратының аммиакты ерітіндісі, 0,1 М мыс хлоридінің аммиакты ерітіндісі, Кипп қондырғысы, қызыл фосфор, магний жолағы, лакмус ерітіндісі.



Көміртектің тотықсыздандырғыш қасиеттері

а) Мыс (ІІ) оксиді мен ұнтақталған ағаш көмірін жақсылап араластырып, ыстыққа төзімді сынауыққа салыңдар. Сынауықты спирт шамымен қара түсті қоспа сары түске ауысқанша қыздырыңдар. Тәжіриебеде байқалған құбылыстарды суреттеп, түсіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.


б) Сынауыққа 2-3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын (тығыздығы 1,84 г/см3) құйып, оған кішкене көмір кесегін салыңдар да, тұрғыға орнатып, жаймен қыздырыңдар. Газ көпіршіктерінің бөлінгені байқалады. Исі бойынша қандай газ бөлініп жатқанын анықтаңдар.
Күкірт қышқылының көмірмен тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет