17. КРЕМНИЙ
№ 62 жұмыс. Кремний
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: сынауықтар, кәрлен отбақыраш, спирт шамы, Кипп қондырғысы, кремний диоксиді, ұнтақ түріндегі магний, 4 М тұз қышқылы, натрий силикатының ерітіндісі, лакмус қағазы, аммоний хлориді, тұз қышқылының сұйытылған ерітіндісі.
|
Кремний және оның қосылыстарын алу
және олардың қасиеттері
1 г ұнтақталған кварц құмы мен 1,5 г ұнтақ түріндегі магнийді араластырып, сынауықтың ұзына бойы салып, оның түбінен қыздырыңдар. Қоспаны қатты қыздырып болған соң суытып, сынауықты сындырып, кремний, магний оксиді, және магний силицидінен тұратын қоспаны шығарып алыңдар. Оның бірнеше түйірін 10-15 тамшы 4 моль/л тұз қышқылы құйылған отбақырашқа салыңдар да, түзілетін силанның SіH4 өздігінен жануын байқап, отбақырашта қалған кремний ұнтағының түсін анықтаңдар.
Кремний диоксидінен магний қатысында кремнийдің тотықсыздану, магний силицидінің түзілу, магний силицидінің тұз қышқылымен әрекеттесу және силанның жану теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |