2. Третник алу және олардың қасиеттерін зерттеу. (Топ болып жасалатын жұмыс).
Кәрлен табақшаға 0,5 г қалайы мен 2,5 г қорғасын салып, оның үстіне балқытылған парафин (не үшін?) құйып спирт шамымен қыздырыңдар. Балқығаннан кейін құйманы кәрлен пластинкаға құйыңдар. Алынған құйма-третниктің, қалайының, қорғасынның балқу температураларын салыстырыңдар. Бұл үшін олардың бірдей түйірлерін металл пластинасына салып қатар қойып, қыздырыңдар. Бұл металдар қандай ретпен балқиды?
№ 67 жұмыс. Металдар алу
(Үш тәжірибенің біреуі орындалады)
Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: ағаш көмірі, қорғасын (ІІ) оксиді, мыс (ІІ) оксиді, көмір, сынауықтар, U-тәрізді түтік, 10% ZnSO4, көмір электродтары, кернеуі 12 В тұрақты ток көзі.
|
1. Тотықсыздандыру арқылы кендерден қорғасын алу. Ағаш көмірінің кесегіне кішкене ойық жасап, оған қорғасын (ІІ) оксидін салыңдар. Қоспаны көмірде металдың жылтыр тамшылары пайда болғанша қыздырыңдар.
Реакция теңдеуін жазыңдар, оның ( G0 табу арқылы жүру мүмкіндігін дәлелдеңдер. Көміртек (ІІ) оксидінің тотықсыздандырғыштық қасиеті жоғары температурада қалай өзгереді?
Достарыңызбен бөлісу: |