2. Металдардың салыстырмалы қаттылығын анықтау. Металл пластиналарын алып бір-біріне сызып көріп олардың қаттылығын тексеріңдер. Ең қатты металдан бастап рет-ретімен орналастырыңдар. Қаттылығына байланысты берілген металл құрылысы туралы қандай қорытынды жасауға болады?
№ 66 жұмыс. Құймалар алу
1. Мырыш-қорғасын құймасын алу және оның қасиеттерімен танысу. (Топ болып жасалатын жұмыс). Металдан жасалған отбақырашқа 3 г мырыш және 0,5 г қорғасын түйірлерін салып қыздырыңдар. Металдар балқығаннан кейін, оларды араластырып, сұйық құйманы темір қасыққа құйыңдар. Егер олардың атомдық радиустарының және кристалл торларының айырмашылықтарын ескерсек, осы металдардан құйманың қандай түрін алуға болады? Құйманы суытып, оның мырыш пен қорғасынға қарағанда беріктігін (сындырып көріңдер) және қаттылығын тексеріңдер. Құйманың беріктігі мен қаттылығының өзгеруін түсіндіріңдер.
Оларға тұз қышқылымен әсер ете отырып, мырыш пен құйманың химиялық белсенділігін салыстырыңдар, құймалар туралы жасаған қорытындыларыңды дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |