Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009


Металдардың суға, қышқылдарға, сілтілерге әсері



бет183/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

3. Металдардың суға, қышқылдарға, сілтілерге әсері.
а)Кәрлен табақшаға су құйып, оған бір тамшы фенолфталеин ерітіндісін құйыңдар. Табақшаға су толтырылған сынауықтың саңылауын төмен қаратып салыңдар да, оның астына сүзгі қағазына оралған натрийдің кішкене кесегін салыңдар. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар. Су неліктен қызарады?
Бұл жұмыста сүзгі қағазына орамай-ақ кальцийді қолдануға болады.
“Сутек” тақырыбындағы темірдің сумен әрекеттесуін естеріңе түсіріңдер.
б) Концентрлі және сұйытылған (1:2) күкірт қышқылының темірге, мырышқа, қорғасынға, алюминийге, мысқа әсерін анықтаңдар. Бұл үшін сынауыққа сәйкес металды салып, 1-2 мл қышқыл құйыңдар. Егер реакция суық күйінде жүрмесе немесе өте баяу жүрсе сынауықты қыздырыңдар. Реакция өнімін байқап, сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар.
Осындай әдіспен концентрлі және сұйытылған азот және тұз қышқылдарының аталған металдарға әсерін зерттеуге болады. Ұқсас әрекеттесулер “Бейметалдар” тақырыбында жасалғандықтан, әрбір студент тәжірибені тек бір қышқылмен жасап, ал реакция теңдеулерін барлық қышқылдармен жазып шығулары керек.
в) Концентрлі сілті ерітіндісінің (NaOH немесе KOH) темірге, мырышқа, қорғасынға, алюминийге және мысқа әсерін зерттеңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, кесте толтырыңдар.

69 жұмыс. Металдардың жемірілуі







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет