Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:. Сынауықтар, магний хлориді, натрий гидроксиді, тұз қышқылы, темір шегелер, зімпара қағазы, калий гексацианоферраты (ІІІ) ерітіндісі, алюминий пластиналары, мыс (ІІ) хлориді және мырыш сульфаты ерітінділері, 0,2 М және 0,1 М күкірт қышқылы, натрий хроматының кристалдары, азот қышқылы, мырыш және қалайы жалатылған темір.
|
1. Әртүрлі электролиттердегі темірдің жемірілуі. 4 сынауыққа магний хлоридін, натрий гидроксидін, сұйытылған тұз қышқылын және дистилденген су құйыңдар. Әр сынауыққа зімпара қағазымен тазартылған темір шеге салыңдар. 10-15 минуттан соң шегені шығарып алып, олар салынған сұйықтыққа Fe2+ ионын анықтауға арналған реактивті қосыңдар (қызыл қан тұзы K3[Fe(CN)6] қарқынды көк түс береді). Сәйкес реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |