3. Титан (ІІІ) қосылыстарының тотықсыздандырғыштық қасиеттері. Үш сынауыққа 2 мл титан (ІІІ) сульфатын құйыңдар. Біріншісіне темір (ІІІ) хлоридін, екіншісіне бірнеше тамшы хлор суын құйыңдар да, үшіншісін ауада қалдырыңдар. Не байқалады? Титан (ІІІ) қосылыстарына қандай қасиеттер тән? Кристалдық өріс теориясын қолдана отырып, неліктен титан (ІІІ) қосылыстары боялған, ал титан (ІV) қосылыстары боялмағанын түсіндіріңдер.
27. ВАНАДИЙ, НИОБИЙ, ТАНТАЛ
№ 97 жұмыс. Ванадий (V) қосылыстары
Қажетті жабдықтар және реактивтер: аммоний ванадаты, жанарғы, сынауықтар, 2 М натрий гидроксиді, концентрлі күкірт қышқылы, қышқылдық-негіздік индикаторлардың жиынтығы, Н+-түріндегі КУ-2 катиониті толтырылған ион алмастырғыш мұнара, натрий ванадатының ерітіндісі, кәрлен табақша, натрий метаванадаты, күміс нитраты, аммоний хлориді ерітінділері, 1 М натрий гидроксиді, 1 М күкірт қышқылы, 3% сутек пероксиді, мырыш.
|
Достарыңызбен бөлісу: |