1. Титан (ІІІ) сульфатын алу. Құтыға 5-10 мл титанил (ІV) сульфатын құйып, 2 М күкірт қышқылын қосыңдар да, бірнеше түйір мырыш салыңдар. Түсінің өзгеруін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
2. Титан (ІІІ) гидроксидін алу. Алдыңғы тәжірибеде алынған титанның (ІІІ) күлгін ерітіндісіне бірнеше тамшы сілті қосыңдар. Титан (ІІІ) гидроксидінің қышқылдар мен сілтілерге әсерін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Титан (ІІІ) қосылыстары титан (ІV) қосылыстарына қарағанда неліктен гидролизге аз ұшырайды?
Достарыңызбен бөлісу: |